Өмірбаян

Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің машина жасау Институтының директоры, техника ғылымдарының кандидаты, профессор, Халықаралық ақпараттандыру академиясының корреспондент мүшесі, "ЖОО ең үздік оқытушысы - 2006" мемлекеттік грантының иегері.

 

Шарая Ольга Александровна

Байланысу мәліметтері

Мекен-жайы: Қарағанды, Мира бульвары, 56, бас корпус, 310-кабинет.

Продолжить чтение
  11579 просмотров

Қожахан Айгүл Кәріпжанқызы

1992 жылы Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ бітірді. 1993жылдан бастап Д.А. Қонаев атындағы Тау-кен институтында жұмыс істеді, аспирантураны бітірді. 1999 жылы кандидаттық дисертациясын қорғады. Диссертация қорғағаннан кейін аталған институтта кіші ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер, «Ашық кен жұмыстарын автоматты жобалау» лабораториясының меңгерушісі болып қызмет атқарды.

2002-2003жж Франциядағы «Париждің тау-кен жоғарғы мектебінде» білімін жетілдіріп, «Декоративті тастарды кесудің әдістері мен технологиясы Қазақстанға арналған перспективалар» тақырыбына дипломдық жоба қорғады. «Ашық кен жұмыстары» мамандығынан Француз Республикасының Экономика, қаржы және индустрия министрлігінің дипломын алды (Diplôme de formation spécialisée en exploitation à  ciel ouvert. Mines et carrières. La  ministre déléguée à l’industrie de la République Française.2003).. Сонымен бірге Африка елдерінде: Мавритания Ислам Республикасы және Сенегалда стажировкадан өтті.

«CATTERPILLAR», «LIBHER», «MICHLAIN» фирмаларының кен, тасымалдау және стационарлы машиналар бойынша жүргізген курстарына қатысты (Париж), «FESTO» фирмасының (Алматы) - «Пневмоавтоматика жүйесінің өндірістік функциясының негіздері», «Пневмоавтоматика жүйесінің өндірістегі ақауларын іздеу мен оларды жою», қашықтан оқыту курсы – «Lotus LeaningSpace жүйесінде жұмыс істеуді үйрету курстарын жасау», CESMAT (Франция), CAVILAM лингвистикалық орталығында (г.Виши), ҚазҰТУ дың ағылшын тілі курсына қатысып  (Сертификат Anglo-American education foundation & Department of foreign languages Май 2009ж). оқып, отандық және шетелдік сертификаттар алып шықты.

1994ж бастап негізгі жұмысымен бірге ҚазҰТУ-да оқытушы болып жұмыс істейді. Қазіргі кезде «Тасымалдау және кен машиналары» кафедрасында доцент болып қызмет жасайды. Читает лекции по дисциплинам «Гидропневмо машиналар және берілістер», «Көлемдік машиналар және жетектер», «Гидравликалық машиналарды конструкциялау», «Гидропневмоавтоматиканың басқару элементтері», «Гидравликалық машиналардың бақылап-өлшеу аппараттары», «Зияткерлік меншікті қорғау», «Гидрожетек теориясы», «Сутөкпе, желдетпе және пневмоқондырғылар» т.б. Барлық сабақ түрлерін жоғары ғылыми-әдістемелік деңгейде өткізеді.  

Қожахан А.К. жетекшілігімен студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсенді қатысады. Өте жақсы дайындығы және жоғары ғылыми деңгейі үшін студенттер 2009, 2011 ж. институт бойынша 1 орынды иемденіп, университеттің мақтау қағаздарымен марапатталды.

Продолжить чтение
  22688 просмотров

Жақсыбаев Мелдебек Жұмабекұлы

Ғылымы атақтары мен дәрежелері Химия ғылымдарының докторы (2010 ж.); химия ғылымдарының кандидаты (1993 ж.);                                          доцент (1996 ж.)  

Бітірген оқу орындары

Әл – Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің химия факультеті (1981 ж.)

                                                

  Қызмет істеген жерлері

Продолжить чтение
  13049 просмотров

Өмірбаян

Байқоңырова Ә.Ө. 1947 жылы туылған, қазақ, жоғары білімді.

ҚазҰТУ Байқоңырова Ә.Ө. 1972 ж. бері, М.В.Ло­моносов атындағы  Мәскеудің жұқа химиялық технология институтын (МИТХТ) «Сирек және шашыранды элементтердің химиялық технологиясы» мамандығын, химик-технолог инженер ретінде бітіргеннен кейін,  жұмыс істеп келеді.

1972 жылдан 1975 жылға дейін ҚазПТИ жеңіл және сирек металдар металлургиясы кафедрасының кіші ғылыми қызметкері болып жұмыс істеді.

1975 – 1976 жж. – стажер-зерттеуші, 1976 – 1979 жж. – МИТХТ Сирек және шашыранды элементтердің химиясы мен технологиясы ка­федрасының аспи­ранты. 1979 жылы 05.17.02 – «Сирек, шашыранды және радиоактивті заттар тех­но­ло­гиясы» мамандығы бойынша химия ғылымының кандидаты ғылыми дәрежесін ізденуде диссертациясын қорғады.                                                  

Аспирантураны бітіргеннен соң, 1980 – 1981 жж. Байқоңырова Ә.Ө. металлургия процестері мен пештері теориясы ка­фед­расының оқытушысы (ҚазПТИ), 1984 жылдан – «Металлургия процестерін фи­зи­ка-хи­ми­ялық зерттеу» (ФХИМП) болып өзгерген, осы кафедраның аға оқытушысы, 1984 – 1999 жж. – сол кафедраның до­центі, ал 1999 – 2001 жылдары – ФХИМП кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарды, (қазір кафедра «Ме­­тал­лур­гия процестері және арнайы материалдар тех­но­логиясы» – МПжАМТ аталады), 2001-2004 жж. –  ҚазҰТУ докторанты. 2004 ж. 05.16.02 – «Қара, түсті және сирек металдар металлургиясы» мамандығы бойынша техника ғылымының докторы ғылыми дәрежесін ізденуде диссертация қорғады. 2006 жылдан бері Байқо­ңыро­ва Ә.Ө. МПжАМТ кафедрасының меңгерушісі.

Продолжить чтение
  27217 просмотров

Autobiography

Khussainov Damir Mikdatovich (Professor KazNAU) graduated from the Veterinary Faculty of the Alma-Ata Veterinary Institute, specialty veterinarian (1987); graduate school in Alma-Ata Veterinary Institute (1992).

Продолжить чтение
  8750 просмотров

Өмірбаян

Хусаинов Дамир Микдатович (КазҰАУ профессоры) Алматы Зооветеринария иститутының ветеринария факультеті ветеринариялық дәрігер мамандығы бойынша үздік, (1987), Алматы Зооветеринария иститутынының аспирантурасын (1992) бітірген.

Продолжить чтение
  9775 просмотров

Нұржауов Амангелді

Техника ғылымдарының докторы, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, профессор

Нұржауов Амангелді Қазақ КСР Гурьев ( қазіргі Атырау) облысының Индер кентінде 1938 ж. 1–май күні туған.

Ол Индербор орта мектебін бітіргеннен кейін 1955 жылы Ташкент ирригациялық институтының механикалық факультетіне оқуға түседі. Оны бітіріп шыққаннан кейін Гурьев мемлекеттік тәжрибе станциясында ғылыми жұмыстар бойынша бас инженер болып қызмет істеді. Содан кейін 1964 жылдан бастап Павлодар индустриалды институтына (қазіргі С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті) оқытушылық жұмысқа өтеді. 1968 жылы Харьковтың Ленин орденді В.И. Ленин атындағы политехникалық институтының аспирантурасына түсіп, оны машина–трактор агрегатының динамикасын зерттеу саласындағы тақырыпта диссертация қорғап, бітіріп шығады. Осыдан кейін ол Павлодар индустриалды институтының  «Автомобильдер және тракторлар» (кейіннен « Көліктік техника». «Көліктік техника және логистика» болып өзгертілген) кафедрасында аға оқытушы, доценті, профессоры және 1978 жылдан бастап 2010-жылға дейін  кафедра меңгерушісі болып және осы уақыт ішінде – 1992...1996 ж.ж. бірінші ашылған  Мелекеттік тілде оқыту факультетінің  (МТОФ) деканы болып жұмыс істеді. Ал, қазір  С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «Құрметті кафедра меңгерушісі» деген лауазымына ие болып, осы кафедраның профессоры жұмысын атқаруда. Сонымен қатар ол Қырғыз Республикасы Ұлттық академиясының Машинатану институты жанындағы 05.05.03 – Доңғалақты және шынжыр табанды машиналар және 05.22.10 – Автомобиль көлігін эксплуатациялау мамандықтары бойынша ғылым докторы және кандидаты атақтарын беру жөніндегі мәселелерін қарастыратын Д.05.11.043 Диссертациялық кеңесінің мүшесі.

А.Нұржауов Павлодар индустриалды институтында  Автомобиль және трактор жасау мамандығын  және кафедрасын (Қазақстанда алғаш және бірегей болған) ашу жұмыстарын ұйымдастырушысы болып табылады және осы мамандық бойынша Қазақстанда бірінші болып ғылыми кандидаттық дәрежеге ие болды. Қазір осы мамандықтың аталуы өзгертілгеннен кейін 05.05.03 – Доңғалақты және шынжыр табанды машиналар мамандығы бойынша Қазақстанда бірінші болып докторлық диссертацияны қорғап шықты.

Кафедра меңгерушісі болып істеген кезінде 1980–жылы А.Нұржауовтың инициативасы бойынша және оның тікелей қатысуымен кафедраның  ғылыми-техникалық базасы негізінде КСРО трактор және ауылшаруашылық машина жасау министрлігі мен ҚКСР жоғары және орта арнайы білім беру министрлігінің бірлескен шешімімен автомобиль және трактор жасау саласындағы Республикада бірінші, Одақта алтыншы болған «Өндірістік тракторлардың трансмиссияларының жүктелуін зерттеу» атты  Салалық ғылыми–зерттеу зертханасы (ОНИЛ) ашылды. Зертхананың ғылыми жетекшісі болып А. Нұржауов тағайындалды. Зертханада А.Нұржауовтың жетекшілігімен және тікелей қатысуымен  автомобиль және трактор жасау жөніндегі бас институты НАТИ-мен бірлесе отырып, «Павлодар трактор зауыты» ӨБ-інде ДТ-75МП, ДТ-75МЛ «Қазақстан» тракторларын жасау және оларды жетілдіру мәселелелеріне байланысты ғылыми–зерттеу жұмыстары орындалып, нәтижелелері өндіріске енгізілді. ОНИЛ зертханасында орындалған  ғылыми–зерттеу жұмыстарының нәтижелері бойынша бес кандидаттық диссертация қорғалып шықты. Оның ішінде екі диссертацияны  зауыттың бас конструкторы мен мамандары қорғады. НАТИ-дің Челябі филиалының ғылыми кеңесінің шешімі бойынша  ОНИЛ зертханасында А.Нұржауовтың жетекшілігімен және тікелей қатысуымен орындалып, ұсынылған 30...40 кН тарту күші класындағы шынжыр табанды тракторлардың бұру механизмін үдетіп сынау тәсілі  Одақта бүкіл салалық  сынау тәсілінің негізі ретінде қабылданды.

Продолжить чтение
  12269 просмотров

Разворот книги "Теория общественного хозяйствования"

  9036 просмотров