Қожахан Айгүл Кәріпжанқызы

1992 жылы Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ бітірді. 1993жылдан бастап Д.А. Қонаев атындағы Тау-кен институтында жұмыс істеді, аспирантураны бітірді. 1999 жылы кандидаттық дисертациясын қорғады. Диссертация қорғағаннан кейін аталған институтта кіші ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер, «Ашық кен жұмыстарын автоматты жобалау» лабораториясының меңгерушісі болып қызмет атқарды.

2002-2003жж Франциядағы «Париждің тау-кен жоғарғы мектебінде» білімін жетілдіріп, «Декоративті тастарды кесудің әдістері мен технологиясы Қазақстанға арналған перспективалар» тақырыбына дипломдық жоба қорғады. «Ашық кен жұмыстары» мамандығынан Француз Республикасының Экономика, қаржы және индустрия министрлігінің дипломын алды (Diplôme de formation spécialisée en exploitation à  ciel ouvert. Mines et carrières. La  ministre déléguée à l’industrie de la République Française.2003).. Сонымен бірге Африка елдерінде: Мавритания Ислам Республикасы және Сенегалда стажировкадан өтті.

«CATTERPILLAR», «LIBHER», «MICHLAIN» фирмаларының кен, тасымалдау және стационарлы машиналар бойынша жүргізген курстарына қатысты (Париж), «FESTO» фирмасының (Алматы) - «Пневмоавтоматика жүйесінің өндірістік функциясының негіздері», «Пневмоавтоматика жүйесінің өндірістегі ақауларын іздеу мен оларды жою», қашықтан оқыту курсы – «Lotus LeaningSpace жүйесінде жұмыс істеуді үйрету курстарын жасау», CESMAT (Франция), CAVILAM лингвистикалық орталығында (г.Виши), ҚазҰТУ дың ағылшын тілі курсына қатысып  (Сертификат Anglo-American education foundation & Department of foreign languages Май 2009ж). оқып, отандық және шетелдік сертификаттар алып шықты.

1994ж бастап негізгі жұмысымен бірге ҚазҰТУ-да оқытушы болып жұмыс істейді. Қазіргі кезде «Тасымалдау және кен машиналары» кафедрасында доцент болып қызмет жасайды. Читает лекции по дисциплинам «Гидропневмо машиналар және берілістер», «Көлемдік машиналар және жетектер», «Гидравликалық машиналарды конструкциялау», «Гидропневмоавтоматиканың басқару элементтері», «Гидравликалық машиналардың бақылап-өлшеу аппараттары», «Зияткерлік меншікті қорғау», «Гидрожетек теориясы», «Сутөкпе, желдетпе және пневмоқондырғылар» т.б. Барлық сабақ түрлерін жоғары ғылыми-әдістемелік деңгейде өткізеді.  

Қожахан А.К. жетекшілігімен студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсенді қатысады. Өте жақсы дайындығы және жоғары ғылыми деңгейі үшін студенттер 2009, 2011 ж. институт бойынша 1 орынды иемденіп, университеттің мақтау қағаздарымен марапатталды.

Өзінің ғылыми және педагоктік қызметі барысында қазақ және орыс тілдерінде отандық және шетелдік басылымдарда 68 ғылыми еңбегі мен 51 оқу-әдістемелік кешендер, силлабустар, әдістемелік нұсқаулар жариялады. Оқу құралы жарық көрді. Авторлар құрамында «Орысша-қазақша-французша французша-орысша-қазақша тау-кен терминологиялық сөздігі» басылып шықты. Саңылаулы қазу әдісіне ҚР патенті алынды.

 

 

×
Stay Informed

When you subscribe to the blog, we will send you an e-mail when there are new updates on the site so you wouldn't miss them.

Өмірбаян
Есенбаев Салым Хусаинович