Өмірбаян
педагогика ғылымдарының кандидаты,
доцент
1959 жылы 08 қазанда Ақтөбе қаласында дүниеге келген.
1974 – 1978 жылдар аралығында Ақтөбе педагогика училищесін, кейін 1984 – 1989 Ақтөбе мемлекеттік педагогикика институтын Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша аяқтады. 1978-1991 жылдар аралығында Ақтөбе қаласында мектеп мұғалімі болып қызмет етті.
1991-1995 жылдары Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік унивнрситетінің Бастауыш оқыту педагогикасы мен психологиясы кафедрасында оқытушы, аға оқытушы болып қызмет атқарды. 1995-1998 жылдары АкТУ-дың аспирантурасында оқып, 1999 жылы 19 наурызда ҚР ҰҒА академигі А.А.Айталы және ҚР ҰҒА академигі Л.К.Керімовтің жетекшілігімен Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінде диссертация қорғап, педагогика ғылымдарының кандидаты дәрежесін алды. 2002-2007 оқу жылдарында Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетінің педагогика кафедрасының доценті, Педагогика факультетінің ғылыми істер жөніндегі декан орынбасары қызметін атқарды.
Жоғары аттестациялау комиссиясының шешімімен 2001 жылы доцент атағы берілген.
2007-2008 оқу жылында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі кафедрасының доценті ретінде сабақ берді. 2008-2010 жылдарда осы оқу орнында Педагогика кафедрасының меңгерушісі болып қызмет атқарды.
1 монография, 8 оқу құралы, 70-ден астам ғылыми және ғылыми-әдістемелік мақалалардың авторы.
2003, 20012, 2013 жылдары ҚР БҒМ мақтау грамотасымен марапатталған.
When you subscribe to the blog, we will send you an e-mail when there are new updates on the site so you wouldn't miss them.