Өмірбаян
Багитова Салтанат Жарылғасқызы 1961 жылы туылған, қазақ, Алматы архитектура-құрылыс институтын 1984 жылы «Өнеркәсіп және азматтық құрылыс» мамандығы бойынша үздік дипломмен бітірді. Институтты бітіргеннен кейін Алматы облысы құрылыс ұйымдарында өндірістік-техникалық бөлімде инженер, Манғышлақ облысының құрылыс және архитектура iстерi бойынша облыстық бөлiмінде конструктор болып жұмыс iстедi. 1990-1997 В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының Ақтаулық филиалында оқытушы болып істеді.
1997-1999 жылдарда 01.02.04 – ҚР ҰҒА «Деформацияланған қатты дене механикасы» мамандығы бойынша күндізгі арнайы аспирантурада оқыды және 1999 жылы 05.05.04 - «Құрылыс және жол машиналары» мамандығы бойынша кандидаттық диссертацияны сәтті қорғап шықты.
1999 жылдан 2005 жылға дейінМ. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және байланыс академиясында доцент істеді. 2003 жылы ЖАК-мен 05.23.00 -«Құрылыс» мамандығы бойынша доцент ғылыми атағы берілді.
2005-2011 жж. К.И.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде доцент, директор орынбасары, «Құрылыс» мамандығы бойынша кафедра меңгерушісі болып қызмет істеді.
2011 жылы ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті шешімімен 05.05.04- «Құрылыс және жол машиналары» мамандығы бойынша техника ғылымдары докторы ғылыми дәрежесі берілді.
2012 жылдан Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Ғимараттар мен құрылыстарды жобалау» кафедрасында профессор болып жұмыс істейді.
Жалпы еңбек стажы 36 жылды құрайды, оның ішінде 25 жылы – ғылыми-педагогикалық салада. Багитова С.Ж. - 60-тан аса ғылыми еңбектің авторы.
When you subscribe to the blog, we will send you an e-mail when there are new updates on the site so you wouldn't miss them.