Өмірбаян
Тұрсынова Гүлбаршын Тұрсынқызы Ақжан Машани атындағы Базалық білім беру институты, қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі. 1955 жылы 22 маусымда дүниеге келген. Ол 1973 жылы С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетіне түсіп, оны 1978 жылы «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша ойдағыдай бітірді. 2004 жылы «Қазақ тілін тау-кен факультеті студенттеріне қатынас құралы ретінде меңгерту әдістемесі» тақырыбына дайындалған кандидаттық диссертациясын 13.00.02 сәтті қорғады.
1989-1991 жылдар аралығында Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің «Редакциялық баспа» бөлімінде редакторлық қызмет атқарды. 1991 жылы университет қабырғасында жаңа ашылған қазақ тілі кафедрасына оқытушылық қызметке ауысып, күні бүгінге дейін осы ұжымда қазақ тілін орыс тілді аудиторияға оқыту ісінде аянбай еңбек етіп келеді.
Халықаралық (Ресей, Польша, Түркия, Чехия, Башқұртстан, Қытай) республикалық, аймақтық және жоғары оқу орны арасындағы ғылыми-теориялық және ғылыми-әдістемелік конференцияларға әрдайым қатысып, баяндамалар жасайды. Жүзден аса ғылыми мақалалары жарық көрген. Оның ішінде 1 монография, 5 оқулық, 10 оқу құралы, 30-дан аса әдістемелік нұсқау, 15 ОӘК сондай-ақ халықаралық және республикалық ғылыми-практикалық конференциялардың жинақтарында еңбектері жарияланды.
Гүлбаршын Тұрсынқызы «Қазақ тілі мен әдебиеті» қазақ, орыс сыныптарында Республикалық ғылыми-әдістемелік және педагогикалық журналының және «Қазақ тілі» мектепте, колледжде және ЖОО-да оқыту журналдың редакция алқасының мүшесі. «Президент және халық», «Наука и жизнь Казахстана», «Наука и образование Казахстана» «Ана тілі» және «Рас» газеттері беттерінде тұрақты түрде тың мәселелерді көтеретін мақалалары жарияланып отырады. ҚазҰТУ-дың Ғылыми Кеңесінің мүшесі.
Г. Т. Тұрсынованың ерен еңбегі үшінҚазҰТУ-дың 70 жылдығына орай «Айрықша еңбегі үшін» медалімен,Білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» белгісімен,ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері атанды, ҚазҰТУ-дың 75 жылдығына орай «ҚазҰТУ-дың ардагері» белгісімен, ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін «Ы. Алтынсарин» төс белгісімен, «Саңлақ автор» Қазақстан Жоғары оқу орындары қауымдастығы, Жоғары оқу орындары оқулықтарын жазудағы нәтижелі еңбегі үшін А. Байтұрсынов атындағы медалімен, «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудағы сіңірген еңбегі үшін» белгісімен марапатталды. 2013 жылы Қазақстан Ұлттық Жаратылыстану ғылымдары Академиясының жарғысы негізінде корреспондент мүшесі болып сайланды.
Профессор Гүлбаршын Тұрсынқызы университет тарапынан ұйымдастырылған оқу-тәрбие, ғылыми бағыттағы шараларға белсенді түрде қатысып отырады. Жеке тұлға ретінде өте салмақты, еңбекқор, шыншыл, әділетті, қарым-қатынаста өте қарапайым және сезімтал.
undefined
When you subscribe to the blog, we will send you an e-mail when there are new updates on the site so you wouldn't miss them.