Өмірбаян

Мырзалиев Бораш Смаилұлы

 

Мырзалиев Бораш Смаилұлы, 11.05.1951 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауылында дүниеге келген, экономика ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық ақпараттандыру академиясының (ХАА) академигі, Ресей жаратылыстану академиясының корреспондент мүшесі, Х.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «Қаржы және бухгалтерлік учет» кафедрасының меңгерушісі.

1974 жылы В.В.Кубышев атындағы Самарканд ауылшаруашылық институтын үздік бітірді. Институт бітіргеннен соң 1974 жылдан 1975 жылдар аралығында Совет армиясына қызмет етті.

1975 – 1985 жылдары Шымкент қаласындағы қаракөл шаруашылығы Қазақ ғылыми-зерттеу институтының экономика және өндіріс ұйымдастыру бөлімінде кіші ғылыми маман болып жұмыс жасады. 1976-1979 жылдары аспирантураның күндізгі оқу бөлімінде оқыды.

1985 – 1989 жылдары Қызылорда облысы Сырдария ауданында Амангелді атындағы совхозда бас экономист пен қаржы-есептеу орталығының бастығы қызметін атқарды.

1989 – 1992 жылдары қаракөл шаруашылығы Қазақ ғылыми-зерттеу институтында аға және жетекші ғылыми маман болып істеді.

1992 – 1994 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс ауданы әкімінің бірінші орынбасары лауазымында қызмет атқарды.

1994 жылдан бастап Х.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде қызмет істейді. Университетте доцент, ғылыми хатшы, бірнеше кафедраның меңгерушісі, оқу-әдістемелік бөлімінің бастығы және экономика факультетінің деканы болып жұмыс атқарды.

Жалпы көлемі 809 парақты 364 ғылыми еңбектері, оның ішінде 10 монография, 3 оқулық, 41 оқу және оқу-әдістемелік құралдары бар.

«Разработка основных направлений социально-экономического развития малых и монопрофильных городов» тақырыбындағы Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігі грантының жетекшісі болып таблылады.

Ол білім Министрлігінің «Поиск-Ізденіс» және Х.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Хабаршы» ғылыми журналдарының редколлегия мүшесі.

 

Мырзалиев Бораш Смаилұлының марапаттары:

  1. "Заслуженный деятель науки и образования РАЕ" құрмет атағы
  2. Алтын медаль «За новаторскую работу в области высшего образования»
  3. Орден LABORE ET SCIENTIA (ТРУДОМ И ЗНАНИЕМ)

 

×
Stay Informed

When you subscribe to the blog, we will send you an e-mail when there are new updates on the site so you wouldn't miss them.

Өмірбаян
Өмірбаян