Өмірбаян

Сұлтанов Аматжан Сайткаримұлы

Сұлтанов Аматжан Сайткаримұлы 08.03.1952 жылы ҚР ОҚО Түркістан қаласы шаруа отбасында дүниеге келген.

1966 жылы Түркістан қаласы «Победа» колхозында 8 жылдық мектепті бітіріп, 1970 жылы Ташкент жеміс-көкеніс техникумын ұздік бағамен бітірген.

1971 – 1976 жылдар аралығында Ташкент мемлекеттік Университетінің биологиялық – топырақтану факультетінде оқыды.

1977 – 1995 жылдар аралығында Узб.Р. Ғылыми академиясындағы өсімдіктер эксперименталды биологиясы Ғылыми зерттеу институтында жұмыс атқарды.

1983 жылы кандидаттық диссертациясын қорғады.

1993 жылы биология саласында докторлық диссертациясын қорғап шықты.

1995 – 1996 жылдар аралығында Узб.Р мемлекеттік табиғат коммитетінде мемлекеттік инспектор болып жұмыс атқарды.

1996 – 1999 жылдар аралығында ҚР Халықаралық экологиялық-гумманитарлық академиясының құқықтық институтында декан, оқу ісі бойынша проректор және директорлық қызмет лауазымын атқарды.

1999 – 2003 жылдары Каз.Транспорт коммуникациялық академиясының Сарыағаш ауданындағы Ғылыми өндірістік оқу орталығында директор лауазымын атқарды.

2003 жылдан бастап ҚР жекеменшік экология және эксперименталды биология ғылыми зерттеу институтын басқарып келеді, сонымен қатар, 2003 жылдан бастап Қазақ қатынас жолдары Университетінің Сарыағаш ауданындағы қашықтықтан оқыту және мамандар таңдау орталығын басқаруда.

1997 жылы «Экология» Қаз.Халықаралық экологиялық-гумманитарлық академиясына корреспондент мұшесі болып сайланды.

2008 жылы Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының академигі атағына ие болды.

Оның 60-тан астам Ғылыми мақалалары халықаралық ғылыми журналдарда жарияланған. Ғылыми жетістіктері бойынша екі патентке ие.

×
Stay Informed

When you subscribe to the blog, we will send you an e-mail when there are new updates on the site so you wouldn't miss them.

Өмірбаян
Өмірбаян