Өмірбаян

Утешева Гульнур Ташкенбаевна

Ғылыми дәрежесі мен атағы:

ҚР құрметті профессоры сәулетші, мүшесі - «2011 жылы ЖОО-ның үздік оқытушысы», Халықаралық ақпараттандыру академиясының академик, Қазақстан Республикасы Дизайнерлер одағының мүшесі, Қазақстан Республикасы Сәулетшілер одағының мүшесі, 2007 жылдан 2010 жылға дейінгі кезеңге үздік архитектуралық жұмыстары үшін халықаралық конкурстардың лауреаты халықаралық, республикалық олимпиадалар мен көркем көрмелер мен 2011 жылдан 2013 жылға дейін, ұйымдастырушы және мүшесі.

 

Қысқаша еңбек жолы:

Қазақстан Республикасы тұрғын-үй объектілерін жобалау мен эксперимен-талды-жобалық тәжірибеге үлкен үлес қосқан, тәжірибелік және ғылыми еңбекті қатар алып жүрген алдыңғы қатарлы сәулетші-дизайнер. Артында 97 авторлық және 200-ден астам авторлас жобалар жасалған тәжірибелі маман-пактик.

Арасындағы аса көрнектілері бұл: халқаралық деңгейдегі «Азия Ортасы» тарихи кешенінің реконструкциясы - ЮНЕСКО тізіміне енген  Түркістан қаласындағы әкімшілік, мәдени-ағартушылық орталығы Ахмет Яссауй кесенесі (өте сирек кездесетін сәулеттік шығармашылық), Украинадағы қонақ үй кешені, Тольяти қаласындағы өндірістік кешеннің реконструк-циясы, Лиепая қаласындағы жазғы алаңы бар концерттік зал, Кентау қаласындағы Пушкин атындағы №33 мектеп, Шымкент қаласындағы 150 орынға арналған шәйхана, Шымкент қаласындағы балалар темір жолы, Алматы қаласы өндіріс жұмысшыларына арналған қонақ үй типтес үй, Жамбыл қаласының суперфосфат зауыты пештерінің реконструкциясы, Львов облысының қант зауытының реконструкциясы, Шымкент қаласы «Түркістан» фирмасы қызметкерлеріне арналған 3 деңгейлі үй-жай жобасы және т.б.  Сонымен қатар мәдени және ойын-сауық, шипалы, тұрғын және өндірістік бағыттағы объектілер жобаланған. 2008 жылы Елбасы Н.А.Назарбаевтың тапсырысы бойынша Бурабай демалыс аймағындағы «Аңшы үйі» және «VIP-орталық» жобаларын жасауға қатысты.

Л.Н. Гумилев ат. ЕҰУ жүргізетін пәндері:

-          Инженерлік және шығармашылық құрылымдау, қала ландшафт элементтерін жобалау, эргономика, жобалау (профиль бойынша дизайн), бағыттық дизайн объектілерін жобалау – IV,V, модельдеу, композиция, құрылымдау, сәулеттік дизайн объектілерін жобалау, сәулеттік дизайн объектілерін өндіру, қазіргі заман дизайны, сәулеттік бионика негіздері, ландшафттық дизайн, қала ландшафты элементтері мен процесстері және т.б. (бакалавриат);

-          Жобалау (профиль бойынша дизайн), эргономиканы дизайндағы қолдану әдістері (магистратура), этно сәулет және этно дизайн (магистратура).

Ғылыми қызығушылықтары:

Жоғары білім жобалау пәндерді оқыту әдістерін жетілдіру. Интерьер тарихы, жобалау, ландшафтық сәулет пен дизайнның этнодизайн тарихы мен теориясы, бионика.

 

Ғылыми тағылымдамалары:

«Инкубатор-конструктор» принципі бойынша ғылыми тағылымдама мен мастер-клас өтті, Эйдховен, Голландия (Нидерланды) – 2009 ж.; Жарты жылдық ғылыми тағылымдама өтуге арналған «Болашақ» халқаралық сипендиясының иегері, Мюнхен және Треммен (Германия) – 2011 ж.; Хайнянь аралы мен Пекин қаласының ландшафтын зерттеу және бақылау, Қытай 2012 ж.; А. Арабаева атындағы Қырғыз мемлекеттік университетінде біліктілікті жоғарылату, Қырғызстан 2012 ж.; Испан корольдігінде ғылыми тәжірибе – Испанияның сәулет және дизайн бағытындағы бакалавриат білім беру бағдарламаларын ұйымдастыру және жүзеге асыру тәжірибесін зерттеу, сонымен қатар жоғарғы мектептердің оқытушылық шеберліктерін дамыту (Барселона, Мадрид, Валенсия и Каталония қалалары) – 2013 ж.; МАРХИ (Московская архитектурная академия) біліктілігін жоғарылату, Ресей – 2014 ж. 2003  жылды қазанынан қазіргі кезге шейін Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-де

Біліктілікті жоғарылату курстары:

  1. Кәсіби даму туралы куәлік (Испания, Барселона, 2013);
  2. Біліктілігін арттыру (Астана қаласында ақпан 1-8, 2014) 2. Сертификаттар;

Жетістіктері:

ҚР Құрметті сәулетшісі, «2011 жылдың ЖОО үздік оқытушысы» грантының иегері, 2007-2010 жж. және 2011-2013 жж. өткен Үздік сәулеттік шығармалар халқаралық байқауларының бірнеше рет лауреаты және 1-дәрежелі дипломанты, көптеген Халқаралық байқаулар дипломанты, флористика және ландшафттық дизайн бойынша халқаралық көрмелердің ұйымдастырушысы және қатысушысы, танымал Қазақстан-Американдық эксилибрис, сәулетші Серік Кульмешкеновтың шығармашылық көрмесінің ұйымдастырушысы, сонымен қатар Сальвадор Далидің оқушысы, танымал суретші-маэстро Аршигий (Франция) және Мұрат және Жансу Окмен германдық әйгілі суретшілердің мастер-класстарын ұйымдастырушы.

Жарияланған басылымдар:

Сәулеттік-дизайнерлік мектептердің дамуына үлкен үлес қосты. 40-тан астам ғылыми мақала жазған, монографиялар жасалып, басып шығарылған, оқулықтар мен оқу әдістемелік құралдары: «Композиция» - 2008 ж.; «Бионика» - 2008 ж.; «Ландшафтный дизайн» - 2009 ж.; «Ландшафтты дизайн» - 2011 ж.; «Методика дизайнерского проектирования» - 2011 ж.; «Каталог древесных насаждений для г. Астаны и региона северного Казахстана» - 2013 ж.; «Дизайнерлік жобалау әдістемесі» - 2013 ж.; «Композиция» - 2013 ж.; «Бионика» - 2013 ж.; «Проблемы формирования городской ландшафтной среды г. Астаны» монографиясы.

Байланыс:

телефон: +7 (7172)70-95-00

ішкі: 33 506

e-mail: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.,Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

×
Stay Informed

When you subscribe to the blog, we will send you an e-mail when there are new updates on the site so you wouldn't miss them.

Summary
Өмірбаян