Өмірбаян
Оңғарбай Жидебайұлы – Академик ХХА
Оңғарбай Жидебайұлы 1965 жылы 3 қаңтарда дүниеге келген, 1993 жылы Томск политехникалық университетінің Автоматика және есептеу техникасы факультетін бітірген, 2004 жылы Ақмола технология және бизнес университетінде екінші жоғары білім алған.
Университет бітіргеннен кейінгі еңбек жолын 1993 жылы «Волковгеология» КМК инженер-бағдарламашысы болып бастаған, 1996 жылдан 1998 жылға дейін ОҚО облыстық қазынашылық басқармасы бастығының ақпараттандыру жөніндегі орынбасары болған, мемлекеттік органдардағы жұмыс тәжірибесі төменде келтірілген:
1998-2002 ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті Есептеу саясаты басқармасы бастығының орынбасары, ҚР Қаржы министрлігіАқпараттандыру департаменті директорының орынбасары;
2002-2011 ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау (экономикалық даму және сауда) министрлігі Ақпараттандыру және инновациялар саласындағы шығыстарды жоспарлау департаменті директорының орынбасары, Бюджет процессі әдістемесі және функционалдық талдау департаменті директорының орынбасары, Ішкі әкімшілендіру департаментінің директоры;
2011 – 2012 Қазақстандық софтверлік компаниялар қауымдастығының атқарушы директоры, ҚР Статистика агенттігінің Ақпараттық-есептеу орталығы РМК директорының орынбасары;
2012-2019 ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жоспарлау және бюджет бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Мемлекеттік құпияларды қорғау және ақпараттық қауіпсіздік басқармасының бас консультанты;
2019-2020 «Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық орталығы» АҚ-да Басқарушы директоры қызметтерін атқарған.
2020 жылдың қараша айынан бастап Қазақстандық IT-компаниялары қауымдастығының Атқарушы директоры қызметінде.
Мемлекеттік наградамен (2009), мерейтойлық медальдермен және Томск политехникалық университетінің «ТПУ үздік бітірушісіне» медалімен (2022) марапатталған.
Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының (ХАА) академигі.
When you subscribe to the blog, we will send you an e-mail when there are new updates on the site so you wouldn't miss them.