Өмірбаян

1942 жыл СҚО Қызылту ауданы Жуантөбе ауылында туған.1965 жылы Қазақтың Абай атындағы мемлекеттік педагогикалық институтының физика-математика факультетін бітірген.1965-1972 жылдары мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі болып еңбек жолын бастайды.1972 жылы Қарағанды мемлекеттік университетінде зерттеуші-стажер,ассистент,оқытушы,аға оқытушы,доцент Жалпы және теориялық физика кафедрасының меңгерушісі,физика-математика факультетінің деканы қызметтерін атқарады.

1992-1995 жылдары Қарағанды қаласындағы Ленин аудандық оқу бөлімінің меңгерушісі болып,жаңа үлгідегі гимназия,лицей профилді мектептердің ұйымдастыруға белсене атсалысты.1972-2000 жылдары өзінің педагогикалық қызметін ғылыми зерттеу жұмыстарымен тікелей ұштастырды.1981 жылы физика-математика ғылымының кандидаттық ,2000 жылы педагогика ғылым саласында докторлық диссертация қорғады.Педагогика ғылымдарының докторы ,профессор М.Құрманұлы 2001-2004 Қарағанды экономикалық университетін астана филиалының директоры қызметін атқарады.2000 жылдан бері Л.Гумилев атындағы Еуразия гуманитарлық институтының «Педагогика және Психология» кафедрасында профессор қызметін атқарып келеді.1987 жылдан қазақ КСР Ғылым Халықаралық академиясының (қазіргі Ұлттық Ғылым академиясы) мүшесі.Бірнеше Халықаралық ,бүкілодақтық ,республикалық,аймақтық конференциялар мен монографияның 4оқу құралының,1авторлық куәліктің,8 әдістемелік нұсқаулардың және 100ден аса ғылыми мақалалар авторы.Оның баспада жарияланған еңбектерінің табыс жалпы көлемі 120 баспа табаған асады.

×
Stay Informed

When you subscribe to the blog, we will send you an e-mail when there are new updates on the site so you wouldn't miss them.

Өмірбаян
Қысқаша өмірбаян