Өмірбаян

Усольцева Галина Александровна, техника ғылымының кандидаты, «Металлургия процестері және арнайы материалдар технологиясы» кафедрасының  доценті

Усольцева Галина Александровна 1963 жылдың 8 наурызында Алматы обласының Талғар ауданы, Горный садовод селосында, қызметкерлер жанұясында дүниеге келді.

1969 жылдан Горный садовод селосының № 20 орта мектебінде оқып, оны 1979 жылы алтын медальмен бітіріп шықты. Отра мектепті бітіргеннен соң В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтына түсті, бұл оқу орынында 1979 жылдан 1984 жылға дейін оқыды және 0405 – Металлургия процестерін физика-химиялық зерттеу мамандығы бойынша инженер – металлург біліктілігінің үздік дипломын алды.

1984 жылдан 1994 жылға дейін мемлекеттік жолдамамен Қазақ мемлекеттік ғылыми-зерттеу және өнеркәсіптік экология мен түсті металдар кендерін байытудың жобалау институты «Казмеханобрде», ақаба суларды ПГС-полимерлермен тазарту зертханасында инженер, 2-ші категориялы инженер және аға инженер қызметтерін атқарды.

1994 жылдан бастап осы кезге дейін Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ  ұлттық техникалық университетінде жұмыс істеп келеді. Әр жылдары келесі қызметтерді атқарды: 1994-1997 ж.ж.  –1 категориялы инженер; 1997-2004 ж.ж. – «Металлургия процестері және арнайы материалдар технологиясы» кафедрасының оқу зертханаларының меңгерушісі; 2004-2006 ж.ж. – аға оқытушы, 2006 жылдан бастап қазірге дейін – сол кафедраның доценті.

1998 – 2002 жылдар аралығында Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ асперантурасында сырттай оқыды, 2004 жылы диссертациясын қорғап, 05.16.02 – Қара, түсті және сирек металдар металлургиясы мамандығы бойынша техника ғылымының кандидаты ғылыми дәрежесін алды.

Г.А. Усольцеваның ғылыми жұмыстарының бағыты – полиметалдық және техногендік шикізаттарды кешенді өңдеу; шикізатты ыдырату және ары қарай экстракциялау және сорбциялау әдістерімен түсті, сирек және бағалы металдарды бөліп алу; жоғары тиімділікті, энергия сақтаушы және аз қалдықты технологияларды әзірлеу; эко­ло­гиялық проблемалар; жаңа ионалмастырушы материалдарды синтездеу.

Еңбек жолында Г.А. Усольцеваның 70 аса ғылыми және оқу-әдістемелік еңбектері жарық көрді, оның ішінде 1 авторлық куәлік, 4 алдын ала патент және 17 ОӘК, оның ішінде 6 – мемлекеттік тілде. Мемлекеттік марапаттауға ие емес.

Осы жылдар ішінде ол келесі пәндерді игерді: «Ғылыми зерттеу негіздері», «Металлургия жылутехникасы», «Уран өндірісінің өнімді ерітінділерін өңдеу», «Гоетехнологиядағы металлургия негіздері», «Ерекше тазалықты металдарды алу», «Тотыққан кенді шикізаттарды өңдеудің ерекшеліктері», «Қаптамалар теориясы мен технологиясы», «Композициялық материалдар технологиясы» және басқ.

ҚазҰТУ-да жұмыс істеу уақытында 9 студенттің дипломдық жұмыстарына жетекшілік жасады, қазіргі кезде магистранттың жетекшісі.  2005 жылдан бері академиялық топтардың эдвайзері болып келеді.

Усольцева Г.А. отбасылы, екі баласы бар.

×
Stay Informed

When you subscribe to the blog, we will send you an e-mail when there are new updates on the site so you wouldn't miss them.

Autobiography
Өмірбаян