Өмірбаян

Биология ғылымдарының кандидаты, профессор

Қысқаша өмірбаяны

Бабашев Абдразак Маханович 1955 жылы 29 қарашада Түркістан қаласында дүниеге келген. М.Маметова атындағы орта мектепті тәмамдаған, сонымен қатар домбыра сыныбы бойынша музыкалық мектепті қатар бітірген.

1972 жылы медициналық колледжге түсіп, оны үздік дипломмен аяқтады. Артынша жолдамамен С.М.Киров атындағы ҚазМУ-ге оқуға түсіп, 1980 жылы «Биолог» мамандығы бойынша үздік дипломмен тәмамдады. Мамандық бойынша – биофизика саласына маманданған биология және химия пәндерінің оқытушысы.

Оқуды бітіргеннен кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Адам және жануарлар физиологиясы ғылыми-зерттеу институтына жұмысқа орналасты.

1990 жылы «Онтогенез барысында суыққа, гипоксия мен гиперкапнияға төзімділіктің қалыптасуында симпатикалық жүйке жүйесінің рөлі» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғады.

1991 жылдың қазан айынан бастап Абай атындағы ҚазҰПУ-де педагогикалық қызметін бастады. Жоғары оқу орнында жұмыс істеген жылдары үш рет Жаратылыстану және География-экология факультеттерінің оқу ісі жөніндегі декан орынбасары қызметін атқарды. Сонымен қатар, екі жылдан тәрбие ісі және ғылым мен халықаралық байланыстар жөніндегі декан орынбасары болып жұмыс істеді.

2001 жылдан бастап – доцент, 2007 жылдан – профессор, 2019 жылдан бастап – ҚР МАИН академигі.

Авторлық бірлестікте 7 оқу құралы, 250-ден астам ғылыми және ғылыми-әдістемелік еңбектері бар.

Биология пәні бойынша мектеп оқулықтарын, бакалавриат пен магистратура деңгейлеріне арналған тест тапсырмаларын әзірлеу, ҰБТ және мемлекеттік стандарт (ГОСО) жобаларын жасауға қатысқан.

Факультет, институт, университет және ҚР БҒМ тарапынан бірнеше рет алғыс хаттармен марапатталған. «Үздік ұстаз» төсбелгісінің иегері.

 

БІЛІМІ

Білім беру мекемесі

Біліктілігі

Бітіру жылы

С.М. Киров атындағы ҚазМУ, үздік диплом

Биолог. Биология және химия пәнінің оқытушысы

1980 жыл

ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕСІ

Ғылыми дәреженің атауы

Ғылым саласы

Диплом берілген күні

Биология ғылымдарының кандидаты

Адам мен жануарлар физиологиясы

1991 жыл, 3 сәуір, Мәскеу

ҒЫЛЫМИ АТАҚТАРЫ

Ғылыми атақтың атауы

Берілген күні

Доцент

2001 жыл, 21 қыркүйек

Университет профессоры

2007 жыл, 20 желтоқсан

МАИН академигі

2018 жыл, 20 қараша

 

 

ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕР (дайындық деңгейлері бойынша)

Бакалавриат үшін (барлық педагогикалық мамандықтарға):

  • Оқушылардың даму физиологиясы
  • Адам анатомиясы
  • Адам және жануарлар физиологиясы
  • Адам мен жануарлардың орталық жүйке жүйесі
  • Жоғары жүйке қызметі
  • Тағам физиологиясы және гигиенасы
  • Иммунология
  • Нейрофизиология
  • Токсикология
  • Биофизика және биоинформатика
  • Жасуша электрофизиологиясы

Магистратура үшін:

  • Мидың анатомиясы мен физиологиясы
  • Когнитивтік функциялар
  • Ағза функцияларын реттеу физиологиясы
  • Ағзаның биоэнергетикасы

ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТІ

Зерттеу тақырыптары және жарияланымдар саны (маңызды 5-і көрсетілген):

  • Ағзаның висцеральды функцияларының физиологиясы
  • 200-ден астам жарияланым, оның ішінде 10 оқу құралы
  • Биология, химия және экология пәндері бойынша Мемлекеттік білім беру стандартының (МББС – ГОСО) әзірлеушісі
  • Ағзаның жылу реттеу физиологиясы
  • Катехоламинергиялық функциялар физиологиясы
  • Қан және лимфа айналымы физиологиясы
  • Адам мен жануарлардың онтогенезінде физиологиялық функциялардың қалыптасуы

ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТІ

Зерттеу тақырыптары және жарияланымдар саны:

  • «Балалар мен жасөспірімдердің висцеральды функцияларының физиологиялық негіздері»
  • 200-ден астам ғылыми жарияланым
  • Диссертациялық тақырып бойынша өнертабыстар мен 3 рационализаторлық ұсыныс бар

Қызметі аясында:

  • Кредиттік оқыту технологиясы
  • Биология пәнінің жаңартылған бағдарламасы
  • Оқушылардың морфо-физиологиялық көрсеткіштері зерттелді
  • Биология, химия және экология пәндері бойынша ГОСО әзірлеушісі
  • ҚР БҒМ мектеп биология оқулықтары бойынша сараптама комиссиясының мүшесі

МАРАПАТТАРЫ

  • ҰБТ (ЕНТ) орталығының мақтау қағаздары
  • ҚР БҒМ «Оқулық» орталығының алғыс хаттары
  • Мұғалімдер кәсіподағының мақтау қағазы
  • Абай атындағы ҚазҰПУ-дың «Үздік Ұстаз» төсбелгісі
  • МАИН академигіне берілген алтын медаль

 

Ғылыми мақалалар.

Бабашев Абдразак Маханович

Молсадыкқызы М…, Кулбаева М.С., Атанбаева Г.К.

Ниттриттік улану кезіндегі егеуқұйрықтардағы қанның биохимиялық көрсеткіші. Абай атындағы Қазақ ұлтық педагогикалық

университеті. Алматы, Вестник,«Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы № 3(61) 2019 ж. ст 61-64

2019-г.

4-стр.

Бабашев Абдразак Маханович

Молсадыкқызы М…, Атанбаева Г.К.

Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша алынған әдіс-тәсілдермен оқушылардың білім сапасын тексеру. Абай атындағы

Қазақ ұлтық педагогикалық университеті. Алматы, Вестник,«Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы №4(61) 2019 ж.

ст 158-163

2019-г.

6 -стр.

Бабашев Абдразак Маханович

Абдрешов С.Н., Атанбаева Г.К.

Жүрек қызметінің 14-16 жастағы оқушыларда болатын функционалдық ерекшеліктері Абай атындағы Қазақ ұлтық

педагогикалық университеті. Алматы, Вестник,«Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы №4(60) 2019 ж. Стр. 39-45.

2019 -г.

7 -стр.

Бабашев Абдразак Маханович

Санбаева Б.Ж., Атанбаева Г.К.

Жаңартылған білім мазмұны бойынша тиімді әдістер-тәсілдерді қолдану және білікті маман талаптарына сай сабақ беру. Абай

атындағы Қазақ ұлтық педагогикалық университеті. Алматы, Вестник,«Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы

№4(60) 2019 ж. ст. 85-89.

2019-г.

5-стр.

Бабашев Абдразак Маханович

Кулбаева М.С., Умбетьярова Л.Б., Жапаркулова Н.И.

The influence of educational stress on the psychological and physiological health of students

2024-г.

5-стр.

Бабашев Абдразак Маханович

Кулбаева М.С., Абдрасулова Ж.Т., Тулеуханов С…

Қашықтықтан білім беру жағдайында студенттердің дәріске қатысукөрсеткіштерін зерттеу

2022-г.

8-стр.

×
Stay Informed

When you subscribe to the blog, we will send you an e-mail when there are new updates on the site so you wouldn't miss them.

Өмірбаян