Өмірбаян

Бабаев Доолотбай — педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Бішкек қаласындағы Халықаралық Кувейт университетінің бірінші проректоры.


Негізгі ғылыми бағыты —
«Үздіксіз білім беру үдерісінде жаратылыстану-математика бағытындағы мұғалімдердің кәсіби қалыптасуының дидактикалық негіздері».
«Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (физика)»

Екі жоғары оқу орнының ректоры, проректор, «ЖОО–мектеп» оқу-әдістемелік кешенінің директоры, Біліктілікті арттыру республикалық институтының директоры, педагогика және физиканы оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарған. Жалпы еңбек өтілі — 48 жыл, соның ішінде ғылыми-педагогикалық өтілі — 48 жыл.

20 кандидат, 40-тан астам магистр және 2 педагогика ғылымдарының докторын дайындаған.
Доолотбай Бабаевтың 250-ден астам ғылыми еңбегі, 2 патенті бар.
Қазақстан Республикасының Құрметті білім беру қызметкері, Қырғыз Республикасының Халық ағарту ісінің үздігі, Қырғыз Республикасы Президентінің Құрмет грамотасымен, Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға қосқан үлесі үшін төсбелгісімен және білім беру министрлігі мен әкімдік тарапынан берілген 20-дан астам дипломмен марапатталған.

Ғылыми жарияланымдар
«Педагогика» (авторлық бірлестікте): Жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы. – Бішкек, 2017 ж. – 344 бет.
«Электр және магнетизм» (авторлық бірлестікте): Оқу құралы. – Ош, 2017 ж. – 17 бет.
«Механика» (авторлық бірлестікте): Оқу құралы. – Ош, 2017 ж. – 51 бет.

×
Stay Informed

When you subscribe to the blog, we will send you an e-mail when there are new updates on the site so you wouldn't miss them.

Autobiography