1953 жылы Алматы қ. тудым. В 1970 жылы Көкшетау облысы Айсары ауылының орта мектебін бітірдім. Сол жылы Қазақ мемлекеттік университетінің механико-математикалық факультетіне түстім. 1975 жылы оны үздік бітіріп алдым және "математика" мамандығы бойынша диплом алдым.
1975 жылдан бастап еңбек қызметін халыққа білім беру саласында бастадым. Алғашында мұғалім, ал екі жылдан кейін мектеп директоры. 1979 жылдан бастап облыстық статистикалық басқарманың Есептік орталығы жұмысына ауыстым. Оператор болып бастадым, кейін инженер, бөлім меңгерушісі және облыстық статистикалық басқарманың Есептік орталығының орынбасары болып бітірдім.
1984 жылы Қазақ политехникалық институты жұмысына, ал 1985 ҚазССР ҒА тау ісі институтына ауыстым. Сырттай аспирантураны бітірдім және 1995 жылы кандидаттық «Кен орындарды математикалық моделдеу арқылы карьердің рационалды параметрлерін негіздеу» тақырыбы бойынша диссертацияны қорғадым.
2000 жылдан бағалау институтының «экономист бағалаушы» мамандығы бойынша бітірдім. «Зияткерлік меншікті бағалау» тақырыбы бойынша диплом қорғадым.
2002 жылдан РМК «ҚР минералды шикізатты кешенді қайта өңдеу Ұлттық орталығында» ЖҒМ жұмыс істедім, жер қойнауын игеру жобалау лабораторияның меңгерушісі, негізгі кіші жүйелерін әзірлеуін қамтамасыз ету САПР-«Карьер» бойынша ҚР карьерлерінде тау жұмыстарын дамытудың ағымды және перспективалық жоспарлауы үшін қызмет еттім.