Өмірбаян

Қазыбек Гүлмира Құдайбергенқызы  1968 жылы Алматы облысы Жамбыл ауданында дүниеге келген.

 

Қазыбек Гүлмира Құдайбергенқызы  1985 жылы Алматы қаласындағы С.М. Киров атындағы №12 қазақ орта мектебін бітірген. 1985-1990 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің  филология факультетінің студенті. Филология факультетін үздік аяқтағаннан кейін бірден оқытушылық қызметке қалдырылды. 1996 жылы мерзімді баспасөзде жарияланған ғылыми мақалалары үшін ең жас ғалым ретінде Халықаралық Жамбыл сыйлығының лауреаты атағына ие болды. 1999 жылы  “А.В.Васильев – қазақ ауыз әдебиетін жинаушы, жариялаушы және зерттеуші” деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. 2002-2004 оқу жылдары талантты жас ғалымдарға тағайындалатын Мемлекеттік стипендияның иегері.

Ғылыми зерттеулері мен оқу-әдістемелік жұмыстарының негізгі бағыттары – ауыз әдебиеті мәселелері мен аударма тарихының теориясы мен тәжірибесі. Г.Қ.Қазыбек төрт  сегіз құралының, жеті  әдістемелік құралдың, бес типтік бағдарламаның авторы. Оның жүзден астам  ғылыми мақалалары жарық көрген.

1999 жылы “Теоретические проблемы художественного перевода” атты оқу құралы , 2001 жылы профессор Қ.Алпысбаевпен бірге “Қазақ аудармасының теориясы мен тәжірибесі” атты оқу құралын шығарды. 1990 жылдан факультет студенттерінің педагогикалық тәжірибесіне жетекшілік жасайды. Алматы қаласындағы М. Базарбаев атындағы №138 гимназиясының әкімшілігі тарапынан студенттердің практикасын шебер ұйымдастырғаны үшін бірнеше рет мақтау қағазымен марапатталды. Факультеттің қоғамдық істеріне белсене араласады.

2003 жылы Г.Қ.Қазыбектің жетекшілігімен дайындалған студенттердің ғылыми жобалары  студенттерің республикалық ғылыми-теориялық конференцияларында бірінші және екінші орындарды иеленді. ЮНЕСКО-ның ұйымдастыруымен өткен “Абай оқулары” және “Әуезов оқуларына” қатысты.

1996-2001 жылдары факультеттегі кәсіподақ  қоғамының және әдістемелік кеңестің  белсенді мүшесі. 2002-2003 жылдары студенттердің ғылыми жұмыстарының төрайымы қызметін атқарды.

2003-2013 жылдар аралығында филология, әдебиеттану және әлем тілдері  факультеті деканының оқу ісі  және әдістемелік жұмыстары   жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. 2013-2014 жылдары факультет деканы қызметін атқарды.

2015 жылдан бастап шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасында профессор қызметін атқарады.

×
Stay Informed

When you subscribe to the blog, we will send you an e-mail when there are new updates on the site so you wouldn't miss them.

Summary
Мобильное приложение My Word Lists - программа для...