Өмірбаян
Яновская Ольга Алексеевна Алматы халықтық шаруашылық институтының «Еңбек экономикасы» мамандығын үздік аяқтады; Алматы халықтық шаруашылық институтының аспирантурасын және Қазақ экономикалық университетінің доктарантурасын бітірді (АХШИ); экономика ғылымдарының кандидаты және экономика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесіне зерттеу диссертациясын қорғады. Доцент және ҚР БҒМ ЖАК профессоры ғылыми атағы бар.
Ольга Алексеевна өзінің еңбек қызыметін Қазақ КСР жергілікті өнеркәсіп Министрлігінің «Зергер» тәжірибе – эксперименталды заводында экономист және Алматы халықтық шаруашылық институтында кіші ғылыми қызыметкер ретінде бастады; «Өнеркәсіп экономикасы» кафедрасының оқыушысы; Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің «Экономика» кафедрасының доценті. Ұзақ уақыт Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінде проректор және авторлық құқықты және интеллектуалды меншікті қорғау бойынша проректоры; Халықаралық Бизнес Университетінің оқу және әдістемелік жұмысы бойынша проректор қызыметін атқарды. Қазақ-Британ техникалық универиситетінде МВА және PhD бағдарламаларын басқарды. Содан кейін ҚР БҒМ Министрдің кеңесшісі лауазымына тағайындалды.
«Болашақ» бағдарламасының шеңберінде Қазақстан Республикасы Президентінің степендиясының иегері атанып, 2013 жылы Швейцарияның Монтре қаласындағы Бизнес-мектепте ғылыми тағылымдамадан өтті.
Ғылыми тағылымдамадан кейін, ҚР Қаржы Министрлігінің «Қаржы академиясы» АҚ Президент-Ректоры лауазымына тағайындалды.
«2012-2020 жылдарға арналған ҚР білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасы», ҚР «Білім туралы» Заңын, Үкіметпен қарастырылған және қабылданған «Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнесті дамыту бағдарламасы (Қазақстандағы шағын және орта кәсіпорындарға қарым-қатынас бойынша саясат концепциясы)» жобаларын жасауға қатысты.
Яновская О.А. ғылыми – педагогикалық кадрларды даярлауға үлкен үлес қосты. Оның ғылыми жетекшілігімен 6 докторлық және 40 кандидаттық диссертация қорғалды, 7 РhD докторлары дайындалды. Сипаттамасы «Жетекші ғылыми мектептер» энциклопедиясына кірген «Ұлттық және әлемдік экономикасының қаржы-экономикалық зерттеулер теориясы, әдістемесі мен тәжірибе мектебі» ғылыми мектебі құрылды. (Рессейлік ғылыми мектеп).
Ол 150 астам ғылыми еңбектер авторы, олардың ішінде: электронды кітаптар: «Менеджмент» (13.07.2015ж. авторлық құқық объектісіне мемлекеттік тіркеу туралы куәлік №1405) және «Корпоративті басқару» (29.06.2015ж. авторлық құқық объектісіне мемлекеттік тіркеу туралы куәлік №1318); монографиялар: «КО және ЕЭК мемлекеттерінің экономикалық көрсеткіштерінің интеграцияда дамуы («Экономикалық интеграция жағыдайындағы қаржы секторын модернизациялау механизмдері: Қазақстан». Монография колл., 2014) және «ҚР мемлекеттік бюджет жағыдайын жүйелі талдау және бағалау және қаржы жүйесін тиімді басқару проблемалары» (Ғылыми-тәжірибелік зерттеу (колл. монография), 2015); мақалалар: «ЖОО білім беру сапасын басқару жүйесі» // «Халықаралық эксперименталды білім беру журналы». Москва, 2016, №8-1; «Интеграция дамуындағы КО және ЕЭК мемлекеттерінің экономикалық көрсеткіштері». Монография колл. «Экономикалық интеграция жағыдайындағы қаржы секторын модернизациялау механизмдері: Қазақстан», 2014; «Қаржылық терроризимге қарсы тұру механизмі ретінде көлеңкелі экономикамен күрес бойынша интеграциялық топтарды құру және қызыметі //Журнал «Қаржы»-«Финансы», 2014; «ҚР экономикасының бәсекеге қабілеттілігінің факторы ретінде бизенс-білімді дамыту // Журнал «Қаржы»-«Финансы», 2014; «Қазақстан Республикасының Салық жүйесі: салықтың мәні және түрлері // Журнал «Экономика және статистика». ҚР статистика бойынша агенсттігі, № 4, 2013; «System Change» (Impact Factor). «International Conference on Economics and Business Market Managenment», December 05-06 2013, Istanbul. Turkey; «Assessment of Kazakhstan’s Gender Policy: Problems and Prospects» (Impact Factor) // Women in Management, 2012.
Профессор Яновская О.А.: Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік академия қызыметіндегі бейіні бойынша доктор және философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін тағайындау бойынша диссертациялық кеңес мүшесі; экономика, менеджмент, маркетинг және әлеуметтік сфералары аймағында «Ғылыми-техникалық ақпаратының ұлттық орталығы» АҚ сарапшысы; Қазақстан іскер әйелдер Ассоциациясының мүшесі; Аккредитациялық Аккредитация және Рейтингісінің Тәуелсіз Кеңесі (НААР); «Қаржы-Финансы», «Еуразия одағы-Союз Евразия» журналдарының бас редакторы.
Яновская О.А. өзінің жемісті, сәтті педагогикалық және ғылыми қызыметі барысында: «Қазақстан Республикасы білім беру үздігі» төс белгісімен, «Қазақстан Республикасы білім беру саласның құрметті қызыметкері» төс белгісімен; «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға қосқан үлесі үшін» төс белгісімен; «Қазақстан Конституциясының ХХ жылдығы» медалімен марапатталды. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтің Алғыс хаттарының иегері. ҚР білім және ғылым миннистрінің Грамоталарымен марапатталған.
Ғылымдағы ерекше қызыметі үшін Европалық консорциумінің «European scientific and industrial consortium – Konstantin Ushinsky» К.Д. Ушински медалімен марапатталды. 2016 жылы Қазақстан Ұлттық бизнес-рейтинг Одағының «Сала үздігі - 2016» медалімен марапатталды.
2016 жылы көшбасшы кәсіпорынды тиімді басқарғаны және ел экономикасының дамуына қосқан кәсіби үлесі үшін «Decus oeconomicae» Орденімен марапатталды.
2017 жылы «Отандық ғылымды дамытудағы жетістігі үшін» Ресей Жаратылыстану Академиясының Президиумы шешімімен В.И. Вернандский атындағы медальмен марапатталды.
When you subscribe to the blog, we will send you an e-mail when there are new updates on the site so you wouldn't miss them.