Өмірбаян
Кульгильдинов Мурат Сапарбекович- «Автомобильдер, жол техникасы және стандарттау» кафедрасы меңгерушісі, техника ғылымдары докторы, профессор.
1981 жылы Ленин комсомол атындағы Челябі политехникалық институтын (қазіргі Оңтүстік-Орал мемлекеттік Ұлттық зерттеу университеті) «Автоматтық қондырғылардың механикалық жабдықтары» мамандығы бойынша бітіріп шықты. Еңбек жолын Алматы қаласындағы С.М. Киров атындағы машина жасау заводының тәжірибелік конструкторлық бюросында инженер-конструкторлық қызметінен бастап, онда 1984 жылға шейін жұмыс жасады.
1984 жылдың қазанынан бастап В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының кіші ғылыми қызметкері, 1987-1992 жылдар аралығында Алматы сәулет-құрылыс институтында аспирант, стажер-оқытушылық қызметтерде болды. 1993 жылы кандидаттық диссертация, ал 2003 жылы 05.05.04- «Құрылыс, жол және көтеру-тасымалдау машиналары» мамандығы бойынша докторлық диссертация қорғады.
1992 жылдан қазіргі кезге дейін Алматы автомомбиль-жол институты мен М. Тынышыбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясында аға оқытушы, доцент, декан орынбасары, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарып келеді.
126 ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыстардың авторы, оның ішінде 6 оқу құралы және 2 монография бар. Білім беру саласында атқарған еңбектері үшін ҚР Білім және ғылым Министрлігінің Құрмет грамотасымен (2007), «ҚР Білім беру саласының құрметті қызметкері» (2010) және «2012 ЖОО-ң үздік оқытушысы» төсбелгілерімен марапатталады.
When you subscribe to the blog, we will send you an e-mail when there are new updates on the site so you wouldn't miss them.