Өмірбаян
Cмағұлов Жандос Қожахметұлы
Ғылыми бағыты: Қазақ әдебиеттану ғылымының тарихы. Мамандандыру нысаны: Қазақ әдебиеттану ғылымы мен сынының тарихы және әдіснамалық мәселелері, Салыстырмалы әдебиеттану. Қазақ халқының сыншылдық-эстетикалық, әдеби-теориялық, әдеби-тарихи көзқарастарынан тұратын ұлттық ғылыми-зерттеушілік ой-пікірінің туып-қалыптасу жолдарын ғылыми таразылау.
Жүргізетін пәндік курстары: Баклавриатта «Қазақ әдебиеті сынының тарихы», «Қазақ әдебиеттану ғылымының тарихы», «Қазақ әдебиетінің тарихы», «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақ әдебиеті», «Әдебиеттану және әдеби сын». Магистратурада «Әдебиеттану ғылымының өзекті мәселелері», «Салыстырмалы әдебиеттану», «ЖОО-дарында оқыту методикасы»
16.09.1956 жылы Қарағанды облысы, Ақтоғай селосында туылған. 1974-79 жылдары Қарағанды мемлекеттік университетінің филология факультетін «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша оқып бітірген. 1979 жылы Ақтоғай ауданындағы Қ.Нұржанов атындағы орта мектепте мұғалім, 1980-1982 жылдары «Жамшы» сегізжылдық мектебінде оқу ісінің меңгерушісі, директор қызметтерін атқарған. 1983 жылы ҚарМУ-дің қазақ әдебиеті кафедрасына аға оқытушы болып орналасқаннан бері осы оқу орнында жұмыс жасайды. 1993-1995 жылдары ҚарМУ-дің қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, 1995-1997 жылдары факультет деканы орынбасары, 2000-2003 жылдары журналистика кафедрасы меңгерушісі болып жұмыс істеді. 1993 жылы 10.01.02 – «Қазақ әдебиеті» мамандығы бойынша «Қазақтың әдеби мұрасын игеру проблемалары» деген тақырып бойынша кандидаттық, 2009 жылы «Қазақ әдебиеттану ғылымының туу және қалыптасу жолдары» атты тақырыпта докторлық диссертация қорғады. 4 монография, 4 оқу құралы мен бірнеше оқу-әдістемелік құралдардың, 200 астам ғылыми, сын-зерттеу және публицистикалық мақалалардың авторы. Қазір қазақ әдебиеті кафедрасында профессорлық қызметте. 2 ғылым кандидатын, 8 ғылым магистрі секілді ғалым-педогог маман қорғатқан.
Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың «Құрмет грамотасымен», «Академик Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-ге 40 жыл» және «ҚарМТУ–дың 60 жылдығы» мерейтойлық медальдарымен марапатталған.
Жалпы ғылыми жарияланымдар саны: 200-ден астам.
Негізгі ғылыми еңбектері:
- Қазақ әдебиеттану ғылымының тарихы. Монография. Алматы: Қазақ университеті баспасы, 1999. – 431 б.
- Қазақ тілі мен әдебиетінің 1001 сұрағына жауап. Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2003. – 176 б.
- Ахметтану бастамалары. Қарағанды: Болашақ баспа, 2005. -204 б.
- Ұлттық әдебиеттану әлемі. Монография. Қарағанды: Болашақ баспа, 2005. – 317 б.
- Қазіргі қазақ әдебиеті пәнінен бақылау жұмысын орындауға арналған оқу-әдістемелік нұсқау. Балқаш: БГТУ баспасы, 2005. – 16 б.
- 6. Әдебиеттану ғылымының өзекті мәселелері. (Т. Кәкішевпен бірге). Оқу-әдістемелік құрал. Алматы: Қазақ университеті, 2006. – 34 б.
- 7. Қазақ әдебиеттану ғылымының тарихы. (оқу-әдістемелік нұсқау). Балқаш: БГТУ баспасы, 2007. – 20 б
- Бата сөздердің тағылымдық табиғаты. Монография. Қарағанды: Ризографиялық баспа, 2009. 145 б.
- ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы. Оқулық.Қарағанды:Теңгри, 2012. 444 б.
- ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы. Оқулық. Алматы: ЖШС “Эверо», 2014. – 482 бет.
- Тарихтан тағылым. І том. – Қарағанды: Арко, 1 том. 2014. 417 бет.
- 12. Тарихтан тағылым. ІІ том. – Қарағанды: Арко, 1 том. 2014. 274 бет.
- 13. ХХ ғасырдың алпысыншы жылдарындағы сын, әдебиеттану, библиография. Оқулық. Қарағанды: ҚарМТУ баспасы, 2014. – 138 бет.
- «Әдебиеттану әдіснамасы». Монография. Қарағанды: Арко, 2104. – 136 бет.
- «Гуманитарлық ғылымдар саласында ғылыми зерттеуді ұйымдастыру мен жоспарлау». Оқу-әдістемелік құрал. Астана: «Ақжолтай», 2014. – 136 бет.
- Литературная критика и вопросы художственного метода 1930-х годов Филологические науки: вопросы теории и практики. Научно-теоретический и прикладной журнал. Россия, Тамбов: изд. Грамота, 2011. Б. – 143-147.
- Унисон великих. (о переводах Ш.Кудайбердиева произведений Л.Толстого) Творческое наследие Л.Н.Толстого в контексте развития современной цивилизации. Материалы ХХХІІІ международных толстовских чтений. Россия. Тула: изд. ТГПУ, 2012. С. - 228-234.
- М.Әуезов және әлемдік әдеби сын. «Бъдещите изследования – 2013». Материали за ІХ международна научна практична конференция. Филологични науки,Том18. Болгария, София: «БялГРАД-БГ», 2013. Б.- 12-16.
- Т.Кәкішұлы – ұлттық әдебиеттану ғылымы тарихын зерттеуші. Кітапта: Т. Кәкішев. Өнегелі өмір. – Алматы: Қазақ университеті, 2012. Б. – 131 – 154.
- 20. Ш.Руставели и казахская литература. VI Международного научного симпозиум. «Современные проблемы литературоведения», Грузия, Тбилиси: 2012. С. – 103-108.
- Ш.Уәлиханов еңбектеріндегі ұлттық әдебиеттану ғылымының әдіснамалық мәселелері. Қазіргі гуманитарлық ғылымның өзекті мәселелері. Межвузовский научный сборник. Выпуск 2. Каунас-Тюмень-Алматы. 2012. Б. – 64-70..
- Художственные переводы А.Букейханова. «European Researcher» журналы. № 1-1, Россия. Сочи, 2013. С. 61-66.
- Критический реализм и эстетический мир Абая. «European Researcher» журналы. № 3-1, Россия. Сочи, 2013. С. 581-585.
- The Effekt of Kazak Family Genealogy and Chronicle in Family Education. Jornal of YILI NORMAL UNIVERSITI. (Іле университетінің ғылыми журналы) – Қытай, Құлжа, №2, 2013, Б. - 90-97.
- About system of cases Turkic languages: synchronic and diachronic aspekts. Life Science Jornal, № 11 (7s), 2014. С. 251- 255. (Thomson Reuters).
- Sh.Ualikhanov and theories of mythological school in Russian literal study. Life Science Jornal, № 11 (9s), 2014. С. 202- 206. (Thomson Reuters).
- Approach to Kazakh Literature Research. Journal of YILI Normal University. № 2, (Журнал Илииского университета). Китай, Кульджа. 2015. Б. – 1-7.
- Проблемы истории становления казахского литературоведения. «EuropeanResearcher» журналы. № 6-1, –Россия. Сочи, 2013. С. 1664-1668.
- Алаш арыстары зерттеулерінің әдіснамалық негіздері. Тюркская филология в ХХІ веке: проблемы и перспективы. Сборник материалов Всероссийский науч.-практической конференции. Башкортстан, г. Стерлитамак, 2014, Б – 319- 324.
Ғылыми зерттеу жұмысындағы өзіндік тақырыбы: «Жаһандастыру үдерісіндегі қазақ әдебиеттануының бүкілтүркілік негіздері». Зерттеу нысанасының басты бағыты – ұлттық әдебиеттану ғылымының тарихындағы түркі тілдес халықтарға ортақ арналар. Жетекшісі - Ж.Қ.Смағұлов.
Байланыс деректері: үй тел. 21-02-22, жұмыс тел. 77-04-32. Ұялы тел. 8-701-218-81-97.
Jandossmagulov@mail.ru
When you subscribe to the blog, we will send you an e-mail when there are new updates on the site so you wouldn't miss them.