Өмiрбаян

Композитор, Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген қайраткерi, «Парасат» және «Құрмет» ордендерiнiң иегерi, Қазақстан композиторлар одағының мүшесi,  «Дос-Мұқасан» ансамблiн ұйымдастырушылардың бiрi және көркемдiк жетекшiсi.

 

Құсайынов Мұрат Құсайынұлы 1948 жылы тамыз айының 10-шы жұлдызында Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Шарбақты ауылында дүниеге келген.

1954-1961 ж.  Шарбақты  ауылының  7  жылдық мектебiнде  оқып, оны  үздiк бағамен бiтiрдi.

1961-1965 ж. Қордай ауданының Абай атындағы 11 жылдық мектебiнде оқып,

оны күмiс медальмен аяқтады.

1965-1970 ж.  Алматыдағы  қазақ  политехникалық  институтының  ( қазiр  Қ.Сатпаев  атындағы  ұлттық  техникалық  университет )  автоматика  және телемеханика факультетiне түсiп, оны табысты аяқтады.

1967 ж. 19 жасар Мұрат өзiнiң бiрге оқып жүрген достары – Досым Сүлеев,

Қамит Санбаев, Александр Литвинов пен бiрге «Дос-Мұқасан» ансамблiн

құрды.

1968 ж. студенттiк құрылыс отрядтарында ( ССО ) iстеген елеулi жұмыстары үшiн М.Құсайынов «Тың жерлердi игергенi үшiн» медалiмен мараппатталды.

1971 ж. М.Құсайынов  «Дос-Мұқасан» ансамблiмен  бірге  Қазақстан Республикасының намысын қорғап,  Ташкент   қаласында   өткiзiлген   

«Халықтар  достығы»   атты Бүкiлодақтық фестивальға қатысып, I дәрежелi лауреат атағын жеңiп алды.

1971-1972 ж. М.Құсайынов «Дос-Мұқасан» ансамблімен бірге Қазақстан  комсомолы орталық комитетінің жолдамасымен Польшада және Францияда болып, жастармен кездесулер өткізіп, концерттер берді.

1973 ж. М.Құсайынов «Дос-Мұқасан»  ансамблiмен бірге Минск қаласында өткен  Бүкiлодақтық кәсiпқой орындаушылардың конкурсына қатысып, лауреат атағына ие болды.

Сонымен қатар, А.Пахмутова басқарған жюридiң шешiмімен ансамблге «Кеңес одағы композиторларының әндерiн шебер өңдегенi (аранжировка) үшiн» атты арнайы сыйлық берiлдi.

1973 ж. М.Құсайынов «Дос-Мұқасан» ансамблiмен Берлин қаласында өткен Бүкiлдүниежүзiлiк жастар  мен  студенттер  фестивалiне  жолдама  алып, алтын  медалiн жеңiп алды.

1974 ж. М.Құсайынов «Дос-Мұқасан» ансамблiнің құрамында Қазақстан комсомол сыйлығының лауреаты атағына ие болды.

1975-1976 ж. М.Құсайынов басқарған «Дос-Мұқасан» ансамблі Германияда, Монголияда, т.б. шетел мемлекеттерде өнер көрсетті.

1976-1977ж. М.Құсайыновтың өмiрiндегi ең бiр елеулi белес–оның «Дос-Мұқасан»  ансамблiмен  бiрге  Солтүстiк  және  Оңтүстiк  Америкаға  сапар шегуi едi. 6 айда 180 концерт берiлiп, ансамбль үлкен табыспен елге оралды.

1976 ж.  М.Құсайынов Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының композиция факультетiне түсiп, атақты композитор, профессор Ғ.Жұбанованың класына қабылданды.

1978 ж. М.Құсайынов басқарған «Дос-Мұқасан» ансамблі Түркия мемлеке-

тіне сапар шегіп, Измир қаласында 60-қа жуық концерт көрсетті.

1978-1990 ж. аралығында ансамбль көптеген көркемдік программалар жасап, еліміздің түпкір-түпкірінде, сондай-ақ  Россия, Украина, Беларуссия, Молдавия, Прибалтика, Өзбекстан, Қырғызстан т.б. туысқан мемлекеттерде және де Чехословакия, Ауғаныстан, Монголия сияқты көптеген шетел мемлекеттерінде өнер сапарында болып, зор табыспен оралды.

1983 ж.  Мұрат  Құсайынов Құрманғазы  атындағы  Қазақ ұлттық консерваторияны ойдағыдай бiтiрiп, композиторлық дипломға ие болды.

1985 ж. М.Құсайынов басқарған «Дос-Мұқасан» ансамблi Москвада өткен Дүниежүзiлiк жастар мен студенттердiң XII фестивалiне қатысып, арнайы дипломмен марапатталды.

1991 ж. М.Құсайынов басқаруымен Қазақстанда тұңғыш «Әуен» атты дербес музыкалық орталық құрылды.

1993 ж.  Творчестволық жетiстiктерi мен қазақ  эстрадасына  сiңiрген  елеулi еңбегi  үшiн  композитор  Мұрат  Құсайыновқа   Қазақстан  Президентiнiң жарлығымен  

«Қазақстан  Республикасының  еңбек  сiңiрген  артисі»  құрметтi атағы берiлдi.

1995 ж.  М.Құсайынов  Қазақстан  композиторлар  одағына  мүше  болып, қабылданды.

1998 ж. Астана қаласының тұсау кесер тойына сiңiрген елеулi еңбегi үшiн

«Астана» медалiмен марапатталды.

1998 ж.  Қазақстан  Өнер  Академиясына  мүше - корреспонденті  болып сайланды.

2002 ж.  Қазақстан  Республикасы  Президентiнiң  жарлығымен   «Әуен»  музыка  орталығының  төрағасы,  композитор  Мұрат Құсайынов «Құрмет» орденiмен марапатталды.

2008 ж. Павлодар қаласында республикада тұңғыш рет ансамблдің 40-жылдық мерейтойына арналған қоладан құйылған мүсіндік ескерткіш ашылды.

2008 ж. Қазақстан  Республикасы  Президентiнiң  жарлығымен   көп жылдардағы творчестволық  жетiстiктерi  мен  өнер  саласындағы  айрықша еңбегi  үшiн  композитор  Мұрат Құсайынов «Парасат» орденiмен марапатталды.

2010 ж. Қарағанды қаласында орталық аллеяда «Дос-Мұқасан» жұлдызы ашылды.

2016 ж. Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен композитор Мұрат Құсайынов «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағына ие болды.

2017-18 ж «Дос-Мұқасан» ансамблі М. Құсайыновтың басқаруымен Алматы, Нұр-Сұлтан, Атырау қалаларында 50 жылдық мерейтойлық салтанатты концерттерді өткізді.

2018 ж. Атырау қаласында ансамблдің құрметіне Жайық өзенінің жағасында                «Дос-Мұқасан» атты мүсіндік композицияның ашылу салтанаты өтті.

2019 ж. Тараз қаласында Мәдениет және өнер қайраткерлеріне М. Құсайыновтың жеке жұлдызы қойылды.

2022 ж. Ансамблдің 55 жылдық мерейтоына байланысты Алматы әкімшілігінің ұйымдастыруымен, қаланың орталық көшелерінің бірінде «Дос-Мұқасан» аллеясы ашылмақшы.

2022 ж. М. Құсайынов «Дос-Мұқасан» ансамблімен бірге Алматы қаласының Республика сарайында ансамблдің 55 жылдық мерейтойына байланысты ТМД мемлекеттерінің атақты ансамблдері мен әншілері қатысатын мерекелік концерт жоспарлап отыр.

 

 

Композитор М.Құсайыновтың жазған шығармалары.

 

1.Қ.Аманжоловтың  «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасының желісіне жазылған кантаталық симфониясы.

2.С.Хасеновтың «Пай-пай, жас жұбайлар-ай» музыкалық драма спектакліне жазған музыкасы.

3.С.Жүнісовтың «Кроссворд» музыкалық драма спектакліне жазған музыкасы.

  1. «Қыстағы Медеу» атты қысқа метражды фильмге жазған музыкасы.
  2. «Мұхитпен саяхат» атты рок-композициясы.
  3. «Бетпақ-дала» атты рок-композициясы.
  4. Жеке домбыраға мен оркестрге арналған «Наурыз» күйі.
  5. Оркестрге арналған «Пір-дастан» күйі.
  6. «Жыр жазамын жүрегімнен», «Қарлығаш», «Аулың сенің іргелі»,

«Ләйлім-шырақ»,  «Наз қоңыр»,  «Құсни-Қорлан»  және т.б. 30-ға жуық әндерді оркестр мен вокалға арналған өңдеулері.

  1. Инструменталдық трио.

11.Фортепиано, скрипка, флейта, виолончель және т.б. жеке инструменттерге жазылған шығармалары.

  1. «Туған жер», «Қуанышым менің», «Бойжеткен», «Болашақ», «Далам менің», «Ғашықтар әні», «Ғашық жүрек», және т.б. қазақ ақындарының өлендеріне жазылған 100-ге жуық әндері.
×
Stay Informed

When you subscribe to the blog, we will send you an e-mail when there are new updates on the site so you wouldn't miss them.

Biography
Autobiography