Өмірбаян

Серикбаева Клара Алдиярқызы 1976 жылдың 23 шілде күні Қарағанды облысындағы Сәтбаев қаласында дүниеге келді.

1983-1993 жылдары Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының №1 орта мекетебінде оқыды.

1993-1998 жылдары Ө.Ә. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің «Кәсіпорындағы экономика және менеджмент» мамандығында оқыды, үздік диплом алды.

Ө.Ә. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетті бітірген сон 1999-2000 жылдары Жезқазған қаласы бойынша  салық комитетінде қызмет жасады.

Салық комитетінде қызмет жасаған үшін 16-ші біліктілік санатына ие болды.

2000-2009 жылдары Ө.Ә. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінде қызмет жасады.

2000 ж. - «Қаржы» кафедрасының ассистенті.

2001-2003 жж. - «Қаржы» кафедрасының аға оқытушысы.

2004 жылы 25 маусым күні Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінде 08.00.10 – «Қаржы, ақша айналым және несие» мамандық бойынша кандидаттық диссертацияны қорғады. Кандидаттық диссертацияның тақырыбы: «Жерді пайдалану және жерді иеленуге салық салу жүйесін жетілдіру (Орталық Қазақстан аймағы мысалында)». Ғылыми жетекші: э.ғ.к., профессор Ильясов Қ.К.

2004 ж. - «Қаржы» кафедрасының доценті.

2006 – 2009 жж. - «Қаржы» кафедрасының меңгерушісі.   

2006 жылы білім беру жүйесінің қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесі үшін академик Ө. А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің Құрмет медалімен марапатталды.

2007 жылы 19 көкек күні Халықаралық ақпараттандыру академиясының толық мүшесі болып сайланды.

2008 жылы 22 желтоқсан күні ҚР БҒМ БҒСБК шешімі бойынша 08.00.00 – «Экономика» мамандығының доцент ғылыми дәрежесі берілді.

2009  жылдын тамыз айынан 2013 жылдың тамыз айына дейін – Алматы экономика және статистика академиясында «Қаржы» кафедрасының меңгерушісі болып қызмет жасады.

2011 жылы 16 қыркүйек күні Алматы экономика және статистика академиясының Ғылыми Кенестің шешімі бойынша АЭСА-ның профессор ғылыми дәрежесі берілді.

         Серикбаева К.А. Алматы экономика және статистика академиясының 5В050900 – "Қаржы" мамандығының студенттерін 2012 жылдың 14-15 наурыз аралығында Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінде өткен экономикалық мамандықтар бойынша IV Республикалық студенттік пәндік олимпиадаға дайындады. Студенттер IV Республикалық студенттік пәндік олимпиадада 2 орын алды.

2013 жылдың қазан айынан 2014 жылдың мамыр айына дейін -    Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінде «Экономика» кафедрасында доценті болып жұмыс істеді.

2014 жылдың мамыр айынан бастап қазіргі уақытқа дейін  Жезқазған қаласында Л.Б. Гончаров атындағы ҚазАЖИ өкілдігінің директоры, «Экономика» кафедрасының профессоры болып жұмыс істейді.

2018 жылдың маусымынан қазіргі уақытқа дейін – «Zhan-Aru Education» ЖШС құрылтайшысы мен жетекшісі.

×
Stay Informed

When you subscribe to the blog, we will send you an e-mail when there are new updates on the site so you wouldn't miss them.

Summary
Түнде де жарық Түгіскен