Кәсіби өмірбаяны
Головчун Алефтина Анатольевна - педагогика ғылымдарының кандидаты, 25 жылдан астам тәжірибесі бар Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-дың шет тілдерін оқыту әдістемесі кафедрасының доценті болып жұмыс істейді. Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі «Жылдың үздік оқытушысы» атағының иегері. Өзінің педагогикалық қызметін 1995 жылы Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-дың ағылшын тілі кафедрасында ассистент ретінде бастады. 2000 жылдан бастап ағылшын тілі кафедрасының штаттық оқытушысы. 2007 жылы педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алды. 2010 жылы «Шет тілдерін оқыту әдістемесі» кафедрасында аға оқытушы қызметін атқарды. 2015 жылы «Шет тілін оқыту әдістемесі» кафедрасының доценті атағын алды.
Білім
1995 -1999 жж. - Абылай хан атындағы Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, мамандығы – ағылшын тілі. Біліктілігі - орта мектепте ағылшын тілі мұғалімі.
1999-2002 жж. - Алматы технология және бизнес университеті. Мамандығы - Қаржы және несие. Біліктілігі - экономист.
2006-2008 жж. - «Парасат» көпсалалы институты. Мамандығы - 050503 психология. Біліктілігі - әлеуметтік психолог.
2012-2014 жж. - Тұран университеті. 6М050400 «Журналистика» мамандығы бойынша әлеуметтік ғылымдар магистрі
Жарияланымдары
- Golovchun, Cognitive procedures as an instrument of translation process analysis // XLinguae. – 2016. – V.9. – Iss. 4, - P.P. 9-24.
- Golovchun, Dualistic representations in Kazakh fairy tales // Man in India. – 2017. – Vol.97. – Iss. 21. – P.P. 345-354.
The contribution of world literature’s rhymes to foreign language acquisition// Man in India. – 2017. – Vol.97. – Iss. 21. – P.P. 367-379.
- Golovchun, Content and language integrated learning in terms of multilingualism: Kazakhstani experience // Astra Salvensis. – 2017. – Vol. 5 – Iss. 10. – P.P. 297-306.
Contemporary Methodology of Teaching Kazakh Language in Russian-speaking Groups of Students, // Astra Salvensis, (2017), Supplement no. 1, P.P. 241-249.
When you subscribe to the blog, we will send you an e-mail when there are new updates on the site so you wouldn't miss them.