17 сентября 2026

КӨҢІЛ АЙТУ

Халықаралық ақпараттандыру академиясының Президиумы мен Дирекциясы Алексей Филиппович Цеховойға жары Тамара Ивановна Цеховаяның өмірден өтуіне байланысты қайғырып, көңіл айтады.

Тамара Ивановна Цеховая
(21.09.1937 — 17.09.2026)

 

Осы ауыр қазалы сәтте Сізге және отбасыңызға қайғырып, ортақтасып, көңіл айтамыз.

Тамара Ивановнаның жарқын бейнесі мен ізгі есімі оны білетін жандардың, туған-туыстары мен жақындарының жүрегінде мәңгі сақталсын.

Марқұмның жаны жәннатта болсын.
Сізге және отбасыңызға сабыр мен күш-қуат тілейміз.

Шын жүректен көңіл айтамыз,
ХАА Президиумы және Дирекциясы