11 декабря 2025

ҚазҰУ" алтын топовой медалі"

Профессор Мұхтарова Қарлыгаш Сапарқызы ҚазҰУ-дың “Алтын топ медалімен” марапатталды

Халықаралық ақпараттандыру академиясы экономика ғылымдарының докторы, профессор Мұхтарова Қарлығаш Сапарқызын әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің “Алтын топ медалі” жоғары марапатын алуымен шын жүректен құттықтайды.

Бұл мәртебелі медаль ҚазҰУ Халықаралық қатынастар факультетінің 30 жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шара барысында табысталды. Аталған факультет ұзақ жылдар бойы елдің дипломаттарын, халықаралық қатынастар және әлемдік экономика салаларының мамандарын даярлап келе жатқан жетекші ғылыми-білім беру орталығы болып табылады.

Марапат профессор Мұхтарова Қарлығаш Сапарқызын экономикалық ғылымды дамытуға, білім беру саласына және жас кадрларды даярлауға қосқан зор үлесін жоғары деңгейде мойындаудың көрсеткіші болып табылады.

ХАА ұжымы құрметті әріптесімізді осы айтулы жетістікпен тағы да құттықтап, шығармашылық табыстар, жаңа ғылыми белестер және жемісті еңбектер тілейді.

Құттықтаймыз!