Технологиялық ландшафт бұрын-соңды болмаған жылдамдықпен өзгеруде, бұл өз кезегінде алдыңғы қатарлы технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалана отырып, бизнесті жаңа жағдайларға үздіксіз бейімделуге мәжбүрлейді. Бәсекеге қабілетті болу және өз клиенттерінің өзгеріп жатқан қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін кәсіпорындар мен ұйымдар цифрлық инфрақұрылым саласындағы соңғы трендтермен таныс болуы тиіс.
«Цифрлық инфрақұрылымның болашағы» форумы Apple Events Group кәсіби іс-шара агенттігінің ұйымдастыруымен, технологиялық серіктестердің қолдауымен өтті. Форумда соңғы трендтер туралы айтылып, бизнестің стратегиялық мақсаттарына жету үшін маңызды цифрлық инфрақұрылымға инвестицияларды басқару бойынша практикалық кеңестер берілді. Сондай-ақ, цифрлық көшбасшылар өз ұйымдарында трансформация бағдарламаларын қалай тиімді басқаратыны туралы мәліметтер ұсынылды.
Форумға Қазақстанның ең ірі компанияларының CIO, ІТ-директорлары, ІТ-инфрақұрылым қызметтерінің басшылары мен менеджерлері, инновациялар бойынша директорлар, CTO, CDO, COO, CISO қатысуға шақырылды.
Форум 13 наурызда Алматы қаласындағы The Ritz Carlton қонақүйінде өтті. Форумға ІТ-шешімдер мен өнімдерді пайдаланушылар, отандық және шетелдік ІТ-компанияларының өкілдері, ҚР ҮЕҰ және басқалар қатысты.
ІТ-шешімдер мен қызметтер жеткізушілері үшін іс-шараға қатысу ақылы болды.
Серіктес ретінде қатысу мүмкіндіктері мен ІТ-компаниялар делегаттарының қатысуы туралы ақпарат алу үшін Apple Events Group командасына хабарласуыңызды өтінеміз (E-mail: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript., Тел: +7701 759 80 89, www.apple-events.com).