Монографияның тұсауы кесілді
Алматыда тарих ғылымдарының докторы, профессор Саттар Фазылұлы Мәжитовтың 60 жылдығына арналған «Интеллектуалды-цифрлық трансформация жағдайындағы тарих және әлеуметтік гуманитарлық ғылымдар» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
Басқосуға қоғам қайраткерлері, ғалымдар, оқытушылар, докторанттар, сондай-ақ Грузия, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Үндістаннан зиялы қауым өкілдері келіп қатысты. Іс-шарада академиктің жүріп өткен жолы баяндалып, мерейтой иесіне құттықтау хаттар табыс етілді.
Бұдан бөлек, «Қазақ даласындағы халық-азаттық қозғалыс: Тарих. Теория. Тарихнама» атты монографияның тұсауы кесілді.
Айта кетейік, Саттар Мәжитовке «Ғалым сардары» атағы берілді.