Қысқаша өмірбаян
Тергемес Қажыбек Тілеуғалиұлы
Тергемес Қажыбек Тілеуғалиұлы, 1956 жылдың 15 тамызында дүниеге келген. Ұлты - қазақ.
1972 жылдың қыркүйек айынан бастап 1975 жылдың шілде айына дейін Семей облысы, Ақсуат ауданы Комсомол совхозында әр түрлі жұмысшы болып еңбек етті.
1975 жылдың тамыз айында Алматы энергетикалық институтына «Электржетек және Өнеркәсіптік қондырғыларды автоматтандыру» мамандығы бойынша оқуға түсті, ал 1980 жылы инженер-электромеханик біліктілігін алды.
1980 жылдың тамыз айынан 1982 жылдың сәуір айына дейін Кеңес Армиясында қызмет етті (Йошкар-ола, Ақтөбе, Ленинград, Петрозаводск қалалары). 1982 жылдың тамызынан 1983 жылдың қаңтарына дейін Алматы жол белгілері зауытының электр жабдықтарын жөндеу шебері болып жұмыс істеді.
1983 жылдың қаңтарынан 1996 жылдың маусымына дейін Алматы энергетика институтының «Электр жетектері және өнеркәсіптік қондырғыларды автоматтандыру» кафедрасының ассистенті, аға инженері, аға оқытушысы болып жұмыс істеді, 1984 жылдың қарашасынан 1987 жылдың қарашасына дейін осы институттың күндізгі аспирантурасында оқыды. 1992 жылдың 11 қазанында Иваново энергетикалық институтында «Электротехникалық кешендер, оларды басқару мен реттеу» мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғады.
1996 жылдың қарашасынан 2001 жылдың қыркүйегіне дейін Алматы технологиялық университетінде аға оқытушы, «Тағам өндірісі» факультеті деканының орынбасары, доцент, аға ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді.
2001 жылдың қыркүйегінен 2011 жылға дейін Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің «Электр жетектері және өнеркәсіптік қондырғыларды автоматтандыру» кафедрасының доценті, ал 2004 жылдың қарашасынан 2007 жылдың қарашасына дейін осы университеттің докторантурасында оқыды.
2011 жылдың қыркүйек айынан 2014 жылдың тамыз айына дейін Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технология және инжиниринг университетінің «Энергетика» кафедрасының меңгерушісі, доцент болып жұмыс істеді.
Ал 2014 жылдың қыркүйек айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Алматы энергетика және байланыс университетінің «Электрмен жабдықтау және жаңартылатын энергия көздері» кафедрасының доценті, ал 2017-2018 оқу жылынан бүгінгі күнге дейін осы кафедраның меңгерушісі болып жұмыс істейді.
«Электржетек», «Автоматтандырылған электржетек теориясы», «Автоматты басқару теориясы», «Электр машиналары», «Электроника», «Релелік қорғау және автоматика», «Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету», «Электрмен қамтамасыз ету» және т. б. пәндер бойынша сабақтар өткізді.
Жоғарыда келтірілген пәндер бойынша ПОӘК әзірледі.
2010 жылы ҚР БҒМ ЖОО үздік оқытушысы атанды. Қазақстан электр энергетикалық Қауымдастығының Құрметті энергетигі. 2020 жылы РЭМК-ның 100 жылдығына арналған медальмен марапатталды. АЭжБУ басшылығы мен ҚР БҒМ министрінің алғыс грамоталары бар. 2021 жылы «Үздік ғылым кандидаты» номинациясы бойынша Қазақстан Республикасының 30 жылдық медалімен марапатталды.
«Шнейдер электрик», «АВВ» және т. б. электр жабдықтарын және автоматтандыру құралдарын шығару бойынша өндіруші фирмалардың сертификаттары бар.
200-ге жуық ғылыми, әдістемелік еңбектері бар, оның ішінде 6 КСРО, 34 ҚР алдын ала және инновациялық патенттері, 4 ғылыми монографиясы (оның 2-уі жеке дара), 4 оқу құралы және 2 оқулық, Scopus деректер базасында 25 ғылыми мақаласы бар.
Ол келесі ҚР БҒМ ғылыми, бастамашыл тәуекел жобаларының ғылыми жетекшісі болды және болып табылады:
- «Синхронды айналудың көп қозғалтқышты асинхронды электр жетегін басқарудың микропроцессорлық жүйесін әзірлеу», 2009, мем. тірк. №0109РК01211.
- «Мұнай өндіру үшін батырылатын ортадан тепкіш электр сорғыларының ресурс-және энергия үнемдейтін электр жетегін әзірлеу», 2009–2011, мем. тірк. № 0109РК01195.
- «Терең реттелетін, ресурс - және энергия үнемдейтін асинхронды электр жетегі бар көп процесті түту аппараттарында жүнді өңдеу сапасын арттыру», 2015-2017, мемл. тірк. №0115РК00452.
Шетелде «Энергия үнемдеу және айналмалы машиналардың диагностикасы» бойынша біліктілікті арттырудан өтті (Жапония, қараша-желтоқсан 2014 ж.).
Ресей электржетек инженерлері Қауымдастығының және келесі журналдардың редколлегиясының мүшесі болып табылады (РФ ЖАК тізілімі, РҒДИ):
1) Пермь Ұлттық Зерттеу университетінің хабаршысы «Электротехника, ақпараттық технологиялар, басқару жүйелері», Пермь.
2) Ғ.И. Носов атындағы Магнитогорск мемлекеттік техникалық университетінің «Электротехникалық кешендер мен жүйелер» ғылыми журналы, Магнитогорск.
ҚР БҒМ реестріне енгізілген Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ «Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету» және «Жаңартылатын энергетиканың заманауи және инновациялық жүйелері» білім беру бағдарламаларын әзірлеуге белсенді қатысты.
2017 жылдан бастап Қазақстан Республикасында алғаш рет жаңартылатын энергия көздері бойынша білім беру бағдарламасын тіркеу нәтижесінде USAID-тің «Болашақ энергиясы» Өңірлік бағдарламасымен (АҚШ) белсенді ынтымақтастық орнатқан. Отбасылық жағдайы: екі ұлы және қызы бар. Мекен-жайы: Көктем-2 шағын ауданы, 18 үй, 55 пәтер.
Тергемес Қажыбек Тілеуғалиұлы техника ғылымдарының кандидаты, ЖАК доценті, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі .
Тергемес Қ.Т. үлкен ұлынан туған немерелері Аделя мен Батырбекпен және кіші ұлынан туған немересі Таирмен
When you subscribe to the blog, we will send you an e-mail when there are new updates on the site so you wouldn't miss them.