Түйіндеме
Ғылыми дәрежісі, ғылыми атағы - педагогика ғылымдарының докторы, профессор
Білімі - жоғары. Ш.Уәлиханов атындағы КПИ «Математика және физика» факультеті - 1987 ж., аспирантура ЕГИ - 2004, докторантура Гумилев атындағы ЕҰУ – 2010.
Қызмет жолдары
1987-1990 Көкшетау облысы, Ақан ОМ математика және физика пәні мұғалімі.
1990-1991 Ш.Уәлиханов атындағы КПИ жалпы және теоретикалық физика кафедрасының шебері.
1991- 2001 Көкшетау қаласы №13 ОМ математика және физика пәні мұғалімі.
2001-2004 Көкшетау қаласы «Экос» экологиялық мектеп-гимназиясы ҒӘЖ бойынша директордың орынбасары.
2002-2004 Ш.Уәлиханов атындағы КМУ педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы (қосымша атқаруымен).
2004-2010 Ш.Уәлиханов атындағы КМУ педагогикалық зерттеу бойынша зертхана меңгерушісі.
2005-2009 Ш.Уәлиханов атындағы КМУ ОӘК бөлім меңгерушісі және төраға орынбасары.
2010-2013 Ш.Уәлиханов атындағы КМУ педагогика, психология және әлеуметтік жұмыстары бойынша кафедрасы профессорының м.а.
2014-2018 Ш.Уәлиханов атындағы КМУ педагогика, психология және әлеуметтік жұмыстары бойынша кафедрасы профессоры.
2018.11.30. «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы» АҚ филиалы «Ақмола облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының» директоры.
Ғылыми қызметі. 2004 ж. 13.00.01 – жалпы педагогика, білімдегі педагогика тарихы, этнопедагогика (ЕГИ, К 14.50.09). Кандидаттық диссертация қорғады. 2007 ж. ҚР БҒМ БҒСБК шешімімен доцент атағы берілді (ассоциированный профессор). 2010 ж. 13.00.08 кәсіби білімнің теориясы мен әдістемесі тақырыбында докторлық диссертация қорғады. (Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Д 14.61.51). 2014 ж. ҚР БҒМ БҒСБК шешімімен «Педагогика» профессор атағы берілді.
Жетістіктері. ҚР БҒМ «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» грантының иегері, ҚР БҒМ ғалымдары және мамандары ғылымның және техниканың дамуына зор үлес қосқан мемлекеттік ғылыми стипендияларының лауреаты.
«Отандық ғылымның Алтын қоры» ғылыми көрменің Халықаралық лауреаты (Москва, ХШЖК), «Саланың ең үздік оқу-әдістемелік баспасы» номинациясының жүлдегері. 2018 ж. - Барселона (Испания) халықаралық кітап көрмесінің лауреаты (LIBER BARCELONA 2018) сертификат және медалмен марапатталды. 2018 ж. Абай атындағы Қазақ ҰПУ «Рухани Жаңғыру» жобасы Республикалық конкурстың жеңімпазы. «Біз және бейбітшілік: сананы модернизацияны аспектілері» «Қазақстанның ең үздік педагог-психологы» медалімен марапатталды.
Атағы. ХАА академигі. Халықаралық ғалымдар қоғамдастығы, Жаратылыстану Европалық Академиясы, Жаратылыстану, Ресей Академиясы және басқалар. «Ғылым және білімге еңбек сіңірген қызметкері» және «Ғылыми мектептің негізін қалаушы» құрметті атағыныңт иегері, «Қоғамдық ғылым» Халықаралық Федерациясының Кеңесшісі, «Ғалымдардың халықаралық қоғамдастығы сараптама кеңесінің «Эксперименттік білім Халықаралық журналдың, «Ғылымға жол» «Academy» және де журналдың мүшесі.
Жоғары оқу орындары аралық ғылым Жаршысы «Уалиханов оқуы» және басқа да редакциялық алқа мүшесі. Қазақстан бойынша және шет мемлекеттерге диссертациондық жұмыстар бойынша рецензент ретінде сан мәрте шақырылды. Екі ғылым кандидатын, 30 магистр дайындады, PhD докторанттарына кеңес береді. Тәжірибелі тәлімгер ретінде жастардың ғылыми-жұмыстарының кеңесшісі.
Стажировкасы. Ғылыми стажировканы (Санкт-Петербург қ.) А.И.Герцен атындағы РМПУ де өткен «ХХI ғасыр білімі: адами потенцилды дамыту» Халықаралық педагогикалық ассамблеяға қатысты. «Problems of education quality» Turkey (Antalya) халықаралық форумына қатысты. Қазақстанның жоғары оқу орындары делегацисы құрамында тәжірибе бөлісу мақсатында болып стажировканы Жақыншығыс университетінде өтті (Никосия қ.) и Courses of Development Programme to «International Relations and Academic Mobility».
Жарияланған жұмыстары. Жалпы 300 астам ғылыми жұмыстар жарияланды, олардың ішінде 12 монография, 50 оқулық және әдістемелік нұсқамалар, ғылыми журналдарда 250 астам ғылыми мақалалар, халықаралық конференциялардағы жинақтамалар, 10 астам мақалалар ХЦБ Thomson Reuters и Scopus. ҚР ӘМ берілген 8 авторлық куәлік және мемлекеттік тіркеуден өткендік туралы интеллектуалдық меншіктік нысан.
Наградалары және марапаттары. Халықаралық наградалары: орден «Еңбегі үшін», медалдар Вернадский, Нобелдік, Ломоносовтікі, «Европалық сапа» бойынша екі мәрте алтын медалмен марапатталды, ҚР БҒМ «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» төсбелгі, «Ш.Уәлиханов атындағы КМУ 50 жылдық» медалі, құрмет грамоталары, алғыс хаттар және тағы басқа марапаттар.
When you subscribe to the blog, we will send you an e-mail when there are new updates on the site so you wouldn't miss them.