Отбасылы. Екі баласы бар.
Білімі: жоғары-Қазақ Спорт және Туризм академиясы. Магистр.PhD докторантура студенті.Каспий университетінің құрметті профессоры. 1976-1978 ж. Әскери қызметін өтеген.
Еңбек қызметі:
1981-1991 жылдар -Қарағанды қаласындағы Сокурская шахтасында жерасты кенжұмыскері.
1991-2016 жылдар –Алматы қаласындағы «Круиз» тур-агенттігігінің директоры.
ҚР байкерлер Ассоциациясының басшысы. 2004-2014 жылдары жеке басының бастамасымен дүниежүзінің барлық құрлығын өзінің темір Тұлпарымен (мотоцикл) аралап, 250000 шақырым қашықтықты жеңіп, әлемнің 150 елінде Қазақстанның туын желбіретті.
2014 жылы бұл мотоцикл ҚР Тұңғыш Президентінің мұражайына мәңгілік сақтауға салтанатты түрде тапсырылды.
МАРАПАТТАУЛАР. 2006 және 2014 жылдары Қазақстан Республикасының Президенті Дмитрий Иванович Петрухинге « Достық» және «Құрмет» Ордендерін тапсырды. Сонымен қатар 2012 жылы «Полярная Звезда» Орденімен де марапатталған.
«Алтын адам» сыйлығының «Ел Патриоты» аталымы бойынша үшмәрте (2007,2009,2014жж. ) иегері.
2013 жылы «Народное Признание» сыйлығын иеленді.
2015 ж.ҚР Президентінің алғыс хатымен марапатталды.
Сонымен қатар 5 мемлекеттік медальдардың және шетмемлекеттердің көптеген медальдарының да иегері.
2010 жылдан бастап ҚР Географиялық қоғамының президенті болып табылады.
Алматы қалалық маслихатының қазіргі кездегі депутаты
Республикалық «Нұр Отан» саяси партиясының мүшесі.