Өмiрбаян

Отбасылы. Екі баласы бар.

Білімі: жоғары-Қазақ  Спорт  және  Туризм  академиясы. Магистр.PhD  докторантура  студенті.Каспий  университетінің  құрметті  профессоры. 1976-1978 ж. Әскери  қызметін өтеген.

Еңбек қызметі:

1981-1991 жылдар -Қарағанды  қаласындағы  Сокурская шахтасында   жерасты кенжұмыскері.

1991-2016 жылдар –Алматы қаласындағы «Круиз» тур-агенттігігінің  директоры.

ҚР  байкерлер Ассоциациясының басшысы. 2004-2014  жылдары  жеке  басының  бастамасымен дүниежүзінің  барлық  құрлығын өзінің  темір  Тұлпарымен (мотоцикл) аралап,  250000 шақырым  қашықтықты  жеңіп, әлемнің  150 елінде  Қазақстанның  туын  желбіретті.

2014 жылы  бұл  мотоцикл  ҚР Тұңғыш Президентінің  мұражайына     мәңгілік   сақтауға  салтанатты  түрде  тапсырылды.

МАРАПАТТАУЛАР. 2006 және 2014 жылдары Қазақстан  Республикасының  Президенті  Дмитрий  Иванович  Петрухинге  « Достық»  және  «Құрмет» Ордендерін  тапсырды. Сонымен  қатар  2012 жылы    «Полярная  Звезда»  Орденімен  де  марапатталған.

 «Алтын  адам»  сыйлығының   «Ел Патриоты»  аталымы бойынша  үшмәрте  (2007,2009,2014жж. ) иегері.

2013 жылы  «Народное Признание»  сыйлығын  иеленді.

2015 ж.ҚР  Президентінің  алғыс  хатымен  марапатталды.

Сонымен  қатар  5  мемлекеттік  медальдардың  және  шетмемлекеттердің  көптеген медальдарының  да  иегері.

2010 жылдан  бастап  ҚР  Географиялық  қоғамының  президенті  болып  табылады.

Алматы  қалалық маслихатының  қазіргі  кездегі  депутаты

Республикалық «Нұр Отан»  саяси  партиясының  мүшесі.

×
Stay Informed

When you subscribe to the blog, we will send you an e-mail when there are new updates on the site so you wouldn't miss them.

Өмірбаян
Autobiography