Өмірбаян

Жансүгірова Лейла Булатқызы, 1967 жылы туылған, қазақ, 1989 жылы С.М. Киров атындағы ҚазМУ-нің биология факультетінің генетика және молекулалық биология кафедрасында, “биология” мамандығы бойынша қызыл дипломмен бітірген.

1986 жылдан бастап жеке оқу формасымен қатар  М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің генетика кафедрасында  оқыды және Молекулярлық генетика институтында (Мәскеу қ.) ғылыми жұмыстар  (курстық және дипломдық жұмыстар) жүргізді. Диссертациялық жұмысы «Генетика - 03.00.15» мамандығы бойынша 1993 жылы қорғалған. Доцент атағы 2004 жылы берілді, профессор (Full professor) атағы 2015 жылы берілді.

1992-1996 жылдар аралығында, Ресей ғылым академиясының гендік биология институтының нейрогенетика және генетика зертханасында ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді (Мәскеу қ). 1996 жылдан бастап Жалпы генетика және цитология институтында, молекулалық генетика зертханасында аға ғылыми қызметкер болды, 2006 жылдан бастап Жалпы генетика және цитология институтының директоры қызметін атқарумен қатар  Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің генетика және молекулалық биология кафедрасында сабақ беруді қоса алып жүр.

Жансүгірова Л.Б. молекулалық генетика және жасушалық биология саласында білікті маман. Оның ғылыми қызығушылықтар ауқымы кең: генетикалық тұрақсыздық мәселесі; канцерогенез; апоптоз; онтогенездегі гендік белсенділікті реттеу; организмдердің зиянды қоршаған орта факторларының әсеріне жеке сезімталдығы мен қарсылығы; мультифакторлық ауруларға, қартаю генетикасына, популяциялық генетика мен палеогенетикаға бейімділіктің генетикалық факторларын анықтау;

Жансүгірова Л.Б. Семей ядролық сынақ полигонының аумағында тұратын халыққа, радиация әсерін талдауға арналған 2 халықаралық гранттың жауапты орындаушысы болды.  1999-2000 жылдары Лестер университетінің (Лестер қ, Ұлыбритания) генетика бөлімінде тағылымдамадан өтті және сол жерде жұмыс жасады. Жансүгірова Л.Б. геномдық саусақ іздері саласында тәуелсіз сарапшы болып табылады.

Жансүгірова Л.Б. 13 ғылыми зерттеу жобаларының ғылыми жетекшісі болды,соның ішінде 3 ғылыми-техникалық бағдарлама болды.

Оның 3 патенті, 3 монографиясы, 5 әдістемелік құрал және 315 ғылыми басылымы бар, оның ішінде жоғары дәрежелі шетелдік басылымдарда (Science, Mutation Research, Biochem. Biophys. Res.Com., International J. Hygiene and Environmental Heath, FEBS Journal, Frontiers in Genetics, Applied Biochemistry and Biotechnology, Expert Review of proteomics, Tumor Biology, Biomaterials, J. of Carcinogenesis and Mutagenesis, Eur. J. of Cell Biology, Disease Markers және т.б.).

Thomson Reuters мәліметтер базасына сәйкес, 2018 жылдың ақпан айында CI index – 134, h-index – 5. Ғылыми зерттеулерінің арқасында ол Қазақстанда және шетелде медициналық, экологиялық генетика, популяциялық генетика саласындағы жоғары білікті маман ретінде кеңінен танымал. Оның жетекшілігімен қазіргі уақытта Қазақстан территориясында табылған құнды археологиялық материалдарды қазақ халқының этногенезімен салыстырмалы түрде зерттейтін, Қазақстандағы жалғыз палеогенетикалық зертхана (2013) құрылды.

Жансүгірова Л.Б. жас мамандарды даярлауға белсене қатысады. Оның жетекшілігімен 5 кандидаттық диссертация және 2 PhD диссертация қорғалды. Қазіргі уақытта ол 2 PhD докторантты дайындауда. Айта кету керек,  қазіргі кезде оның өзінің ғылыми мектебі қалыптасқан: оның студенттері Жалпы генетика және цитология институтының молекулярлық генетика және популяциялық генетика зертханалары негізінде және шетелде белсенді жұмыс жасайды.

2011 жылы «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен марапатталды. 2015 жылы  «Ғылымды дамытудағы еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды. 2016 жылы «Академиялық адалдық үшін» дипломымен  марапатталды.

×
Stay Informed

When you subscribe to the blog, we will send you an e-mail when there are new updates on the site so you wouldn't miss them.

Autobiography
Утешева Гульнур Ташкенбаевна