Өмірбаян

1934 жылы 14 қаңтарда Көптоғай ауылы Новороссиский (Хромтау)ауданы, Ақтөбе облысында жумысшы шаруа отбасында дүниеге келген. Ұлты қазақ.

Әкесі Жанғылышбаев Серікбай 1885 жылы туылған, 1948 жылы қайтыс болды, анасы Жанғылышбаева Зияда 1895 жылы туылған, 1949 кайтыс болды.

1941 ж мектеп табалдырығын аттады, 1947 ж бастап колхоздағы Н.К Крупской атындағы балалар интернат-үйінде тәрбиеленді, ал 1948 ж Ақтөбе қаласындағы интернатта болды. 1952 ж №6 қазақ орта мектебін тамамдап Алматылық Заң институтына оқуға түсті. 1953 жылдың мамыр айында 1 курсты аяқтаған соң материалдық жағдайдың төмендеуіне байланыст оқуды қалдыруға тура келді.

1953 жылы Уфимск әскери училищесіне оқуғатүсіп оны 1956 ж уздік бітіріп, ен алғаш офицерлік  «Лейтенант» атағымен марапатталды.

1956 ж  - 1959 ж өз қалауымен қызметін өтеу үшін Чукоткада (Дальный ауылы Провден ауданы, Магадан облысында) взвод командирі болып қызмет атқарды.

1959 ж (қазан) 1970 ж (шілде) қызметін өтеуде Карпаттық әскери округта Славута қаласы, Хмельницкий ауданы Укриан КСР, взвод командирі, полк комсомол комитеті хатшысы, рота командирі, штаб бастығы және мотоатқыш батальонының командирі, штаб полкының бастығы, уақытша (6 ай) полктің командирі қызметтерін атқарды.

            1966 ж оқуға тусіп 1970 ж Мәскеу қаласындағы  М.В.Фрунзе атындағы әскери Академияны (сырттай ) оқып бітірді. 1970 ж осы академияға адъюнктураға (аспирантураға) түсті. 1973 ж адъюнктураны аяқтаған сон, окудың 3-шы жылы тактика кафедрасында стажер-оқытушы болып жұмыс жасап, сабақ Куба мен Монғолия офицерлерімен бірге өткізілді.

            1974 ж әскери ғылымдары кандидатын алу мақсатында диссертация қорғады. 2010 ж 30 қарашасында  әскери ғылымдарының докторы дәрежесін алуда диссертация қорғады.

            1978 ж  «Доцент» ғылыми атағын иемденді, 2000 ж - «Профессор», 2005 ж – Ресей Федерациясының әскери ғылым академисының корреспонденттік мүшесі, 2014 ж – Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясы әскери ғылым Академиясының нақты мүшесі болды.

            1973 - 1975 ж.ж. Совет Одағының Маршалы И.С.Конев атындағы  жоғары жалпы әскери командалық училищеде тактика кафедрасының бастығы болып жұмыс жасады.

            1975-1988 ж.ж. Қазақстанның ОК Компартиясы кезіндегі Жоғары пратиялық мектептің әскери кафедрасында бастық болып жұмыс жасады. 1988 жылдың қазан айынан запасқа шықты.

            Қарулы күштер қатарында 35 жыл 3 ай қызмет етті. Полковник атағын 21.02.1977 жылы иемденді.

            1988 ж қарашасы мен 1991 ж желтоқсан айы аралығында  Совет Одағының батыры Бауыржан Момышұлы атындағы Республикалык әскери мектептің бастығы болды.

            1992 ж қаңтар айынан  1992 ж 24 наурыз айына дейін Қазақстан Республикасының Мемелекеттік қорғаныс комитеті төрағасының кеңесшісі болып жұмыс атқарды.

            1992 ж 25 наурызынан 1993 ж 26 шілде аралығында Қазақстан  Республикасының Президентінің Қорғаныс Аппараты мен Министрлер Кабинетінің бөлім меңгерушісі болды.

            1993 ж желтоқсаннынан 1996 ж  наурыз айына дейін - Қазақстан Республикасының Министрлік Кабинеті қарамағындағы Жоғарғы Аттестатциялық  Комиссиясының әскери сұрақтар жөніндегі бас ғылыми маман болған.

            1996 ж наурызынан 2001 ж желтоқсанына дейін - Мәжіліс Парламенты Аппаратының әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету секторы Кеңесшісінің басшысы. 1995 ж -  1998 ж дейін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери институтында ішкі әскери тактика факультетінің кафедра профессорларымен бірлесе жұмыс жасады.

            2001 ж  - 2011 ж. қазанына дейін Қазақстан Республикасы Министрінің әскери-ғылыми орталығына бас ғылыми қызметкер болып (Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік университетінің Ғылыми орталығы)  2011 ж қараша айынан 2014 ж қазан  айына дейін Қазақстан Республикасының Қорғаныс Университетінің әлеуметтік кафедрасының арнайы дайындық факультетінде Аға оқытушы болған.

            1955 ж КОКП  мүшелігіне кандидат, 1956 ж – 1991 ж дейін жұмыс істеуін тоқтатқанша Кеңес  Одағының Коммунистік партиясының қатарында тұрды.

            22.09.2016 ж бойынша  ғылыми-педагогикалық жұмыс тәжірбиесі – 46 жыл, ал жалпы еңбек стажы – 65 жыл.

            Қазақстанның бірінші әскери доктринасын дамыту ұжымының авторы және «Қазақстан Республикасының Қарулы күштері мен қорғаныс туралы»  заңының, елдің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 150 ден астам ғылыми еңбектері жарық көрді.

            2007 ж. 7 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Жарлығымен №845 әскери ғылым және әскери кадрларды дайындауға орасан зор үлес қосқаны үшін «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» деген  құрмет атағы берілді, 2015 жылы ҚР «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

            «3 дәрежелі Отанға қызмет ету » орденімен, 20 шақты медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының құрмет грамотасымен,  КСРО Қорғаныс Министрінің құрмет грамотасымен және Қазақстан Республикасы Президентнің құрмет грамотасымен, Қорғаныс Министрінің құрмет грамотасымен және Білім министрі мен Қазақстан Республикасының ғылым министірінің құрмет грамотасымен, Қазақстан Республикасының Мәжіліс Парламентінің ризашылық хатымен мараптталды.

            2007 ж қыркүйегінде Алматы қаласы Медеу ауданының Ардагерлер Кеңесінің төрағасы болып сайланды. 2013 -2015 ж.ж. Қазақстан Республикасының Орталық  ардагерлер кеңесінің құрмет грамотасымен марапатталды.

            Отбасы құрған, жұбайы Игликова Раиса Сарсенбайқызы 1936 жылы туылған,, қылы – Елена 1957 жылғы, қызы – Гулнара 1960 жылы туылған және ұлы Арман – 1968 жылы туылған.

            Өмірбаян 23.09.2016 жылы құрастырылған

 

 Мекен –жайы: мкр.Самал-1,   14  уй   2 пәтер

 Тел: 264-61-73

×
Stay Informed

When you subscribe to the blog, we will send you an e-mail when there are new updates on the site so you wouldn't miss them.

Акматкулов Асылбек Акматкулович
Өмірбаян