Өмірбаян
Масатов Нұржан Ришатулы 1993 жылдың 19 мамырында туылған
Ұлты: қазақ
Отбасылық жағдайы: бойдақ
2011 жылы №108 орта мектебін бітірген. Сол жылы құқықтану мамандығы бойынша Жоғарғы құқық «Әділет» мектебіне (Каспий қоғамдық университеті) түсті. 2015 жылы университетті үздік бітіріп, сол жылы Каспий қоғамдық университетінің заңтану саласындағы ғылыми-педагогикалық траекториясы бойынша магистратурасына түсті. 2017 жылы үздік бітірді. Университетті бітіргеннен кейін «КазТрансГаз» АҚ-да маман, заңгер көмекшісі, SIRIUS тренинг және консалтинг фирмасының жетекші маманы, директордың орынбасары болып жұмыс істеді, 2016 жылы «АзияЭлитКарс» компаниясының адвокат қызметін атқарды, 2017 жылы «АССАГА» РМК-да бас заңгер қызметін атқарды, 2017 жылдың қыркүйегінен бастап Орталық Азия университетінде ғылым және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарады. 25-тен астам ғылыми еңбектің авторы. Соның ішінде 7 оқу құралдары, 1 мультимедиялық кітап және т.б. Негізгі жұмыстары Қазақстан Республикасының азаматтық құқығына арналған. Бұдан басқа, «Мұрагерлік құқық», «Міндеттемелік құқық», «ҚР-дағы мүліктік құқық» айтарлықтай маңызды жұмыстары бар. «Халықаралық жаратылыстану ғылымдары академиясының» мүшесі(Эдинбург); Қазақстан адвокаттар қауымдастығының мүшесі, «Догма» ғылыми-практикалық журналының редакциялық кеңесінің мүшесі. «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Экономикалық Сотында дауларды шешу жөніндегі халықаралық орталығының» делдалы; Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің ғылыми-сараптамалық қызметі. «Праведия» АЖ-нің (параграф) құқықтық алаңының спикері.
Марапаттары:
Алғыс хат: «Білім беру ғылымдары министрлігі»
Алғыс хат: «Ұлттық ғылым академиясы»
«Жас ғалым» Ұлттық сыйлығы
Халықаралық марапаттар:
Индонезияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Р.Промононың Қазақстан мен Индонезия арасындағы достықты нығайту туралы қошаметі.
When you subscribe to the blog, we will send you an e-mail when there are new updates on the site so you wouldn't miss them.