Өмірбаян

Айтжанов Батырбек Досхожаұлы

Туған күні, айы, жылы және туған жері

13.02.1956 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақта – Арал ауданы, Ворошилов атындағы ұжымшарда туылған.

 Мектеп бітірген жері. 1972 жылы Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, «КПСС-тің 23 съезі» атындағы кеңшарда № 168 орта мектепті бітірген.

Ғылыми атақтары мен дәрежелері.

Ветеринария ғылымдарының кандидаты ВАК СССР, 9.10.1986 жыл.

Доцент, ВАК КМ РК, 15.06.1994 жыл.

Ветеринария ғылымдарының докторы, Комитет МОН РК, 28.05.2010 жыл.

Профессор, Комитет МОН РК 13.12.2011 жыл.

Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының корреспондент мүшесі, 24.05.2012жыл.

Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының және Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі,2013жыл. Қазақстан Республикасы Журналистер Одағының мүшесі.

 

Алматы зооветинститутын 1978 жылы ветеринария мамандығы бойынша бітірген.

Қызмет істеген жерлері:

1980 – 1989 жылдар аралығында Қазақ ғылыми – зерттеу малдәрігерлік  институтындағы аспирантураның күндізгі бөлімін бітіргеннен кейін, аталған институтта кіші және аға ғылыми қызметкер болды.

1989 – 1995 жылдар аралығында Алматы зоотехникалық - малдәдігерлік институтында алғашқыда ассистент, аға оқытушы, доцент қызметін атқарды.

1995 – 2003 жылдар аралығында Еңбек Қызыл Ту Орденді Республикалық Мемлекеттік кәсіпорын Алматы Биокомбинатында алғашқыда кәсіпорынның ғылыми – өндірістік мәселелер жөніндегі орынбасары, соңынан бас директоры болды.

2003-2013 жылдар аралығында Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің доценті,  профессоры, кафедра меңгерушісі қызметін атқарды.

2014 жылдың басынан бастап ҚР Ауылшаруашылығы Министірлігі Ветеринариялық  бақылау және қадағалау Комитетінің «Ветеринария бойынша Ұлттық референттік орталық» Республикалық Мемлекеттік Кәсіпорны Алматы филиалының директоры.

Негізгі ғылыми бағыты, ашқан жаңалықтары мен өнертабыстары:

Ғалымның ғылыми еңбектері ауылшаруашылығы жануарларының арасында кеңінен таралған қарасан және топалаң ауруларының эпизоотологиясы, диагностикасы және алдын алуға арналған. Осы мақсаттар үшін қолданылатын биопрепараттардың технологиясын жетілдіріп, оны биологиялық өндіріске енгізген. Биологиялық кәсіпорында әзірленген биопрепараттар еліміздің шаруашылықтарында қолданыс тапқан. Биопрепараттарды өндіріске енгізу барысында авторлармен бірлестікте 3 нормативті – техникалық құжат әзірленіп, 19 өнертабысқа патент, алдын ала патент және авторлық куәлік алынған.

Марапатталуы:

-2001 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің “Құрмет грамотасымен” марапатталды.

-Ғылым мен техниканың дамуына ерекше үлес қосқаны үшін 2010 жылы  ғалымдар мен мамандарға  арналған Мемлекеттік ғылыми стипендияның иегері атанды.

-2010 жылы “Жоғарғы оқу орнының үздік оқытушысы” Мемлекттік грантын жеңіп алды.

-2011 жылы Францияның “СИРАД” ғылыми – зерттеу орталығында білімін жетілдіріп, сертификат алды.

-Қазақстан Республикасы Журналистер Одағының мүшесі.

-Республикалық ғылыми – практикалық қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде шығатын “Ветеринария” журналының редакциялық Кеңес мүшесі және Қазақ тілі бөлімінің редакторы.

-Республикалық ғылыми – практикалық “Қазақстанның ғылымы мен өмірі” журналының редакциялық Кеңес мүшесі.

-Академик А.И.Бараев атындағы сыйлықты тағайындау жөніндегі конкурс комиссиясының мүшесі.

Автордың басшылығымен 2006 жылы елімізде тұңғыш рет қазақ тілінде “Фармакология” пәнінен оқулық басылып шығып, оқулыққа ҚР Білім және ғылым министрлігінің грифі берілді. Оқулық 2011 жылы Қазақстан Республикасының 20 жылдығына орай толықтырылып, өңделіп 520 бет болып қайта жарық көрді. Сонымен бірге, 2010 жылы ғалымның авторлармен бірлесе жазған “Токсикология” және “Жануарлар ішкі аурулары”, “Жануарлар ауруларының клиникалық диагностикасы” атты тағы да 3 оқулығына ҚР Білім және ғылым министрлігінің грифі берілді.

Докторлық диссертациясының тақырыбы: “Топалаңның алдын алу және балау мақсатында өндірілетін биопрепараттардың нәтижелігін жетілдіру жолдары”.

Ғылыми еңбектері: Ғалым 150- ден  астам ғылыми жұмыстардың авторы, оның ішінде 3 нормативті – техникалық құжат, 20 оқулық, оқу құралы және оқу – әдістемелік құралдар, 19 топалаң, қарасан, құтырық тәрізді стратегиялық маңызы бар ауруларға қарсы өндірістік негізде вакцина әзірлеу технологиясы бойынша алынған патент, алдын ала патент және куәліктер.

Ең басты ғылыми еңбектерінің тізімі:

  1. Жануарлардың топалаң ауруына қарсы 55 ВНИИВВ и М штаммынан вакцина жасау технологиясының кейбір мәселелері. Жаршы, 2006, № 7, 49 – 51 бет.
  2. Әртүрлі қоректік ортада өсіріліп әзірленген 55 ВНИИВВ и М штаммынан жасалған топалаң ауруына қарсы вакцинаның салыстырмалы түрдегі иммуногендік қасиеті. Ізденістер, нәтижелер, 2006, №2, 225 – 227 беттер.
  3. Топалаң ауруы қоздырғышының спорасы және оның вакцина әзірлеудегі маңызы. Жаршы, 2006, №12, 46 – 49 беттер.
  4. Әртүрлі жануарлар арасындағы топалаң індетінің эпизоотологиялық

ерекшеліктері. Ізденістер, нәтижелер, 2007, №3, 103 – 106 беттер

  1. Топалаң туралы түсінік және онымен күресу шаралары жөнінен ұсыныстар.

Алматы, 2009, “S - Принт” баспасы – 17 бет.

 

×
Stay Informed

When you subscribe to the blog, we will send you an e-mail when there are new updates on the site so you wouldn't miss them.

Брейдо Иосиф Вульфович
Погибельный холм ойратов: Как казахи отстояли Жеты...