Өмірбаян

Аты-жөні: Жәрменов Әбдірәсіл Алдашұлы

Туған күні: 11 қаңтар 1956 ж.

Туған жері: Оңтүстік-Қазақстан облысы, Түркістан ауданы, Бабайқорған ауылы

Мамандығы: Химия (С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті, 1976 ж.)

Ғылыми дәрежесі: Техника ғылымдарының докторы (1991 ж., Технологиялық ерітінділерден ауыспалы металдардың тұздарын бөліп алу және алу тәсілдері мен физика – химиялық негіздерін даярлау)

Ғылыми атағы: Профессор (1994 ж.),  ҚР ҰҒА мүше-корреспонденті (1995 ж.),

Қазақстан Республикасы минералдық ресурстар академиясы (1997 ж.), Халықаралық минералдық ресурстар академиясы  (2000 ж.),  Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясы (2001 ж.), Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы  (2003ж.),  Халықаралық ақпараттандыру академиясы (2005 ж.),  Қазақстан  Ұлттық жаратылыстану  ғылым академиясының  (2008 ж.) академигі.

Қазіргі уақыттағы жұмыс орны мен лауазымы: «Қазақстан Республикасының минералды шикізатты кешенді ұқсату жөніндегі ұлттық орталық» РМК Бас директоры (1999 жылдан бастап).

Жұмыс тәжірибесі: 1993-1999 жылдары «ҚР МШКҰ ҰО» РМК бірінші орынбасары, 1976-1993 жылдары ҚазКСР ҰА Химия-металлургия институтында аға зертханашы, инженер, кіші, аға ғылыми қызметкері, зертхана, бөлім  меңгерушісі, 1985-1987 жылдары Қарағанды мемлекеттік университетінің аналитикалық химия кафедрасының меңгерушісі, 2005 жылдан осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасы минералдық ресурстар академиясының  Вице-президенті;  2006-2007 жылдары ҚР ҰҒА  – Вице-президенті.

Ғылыми зерттеулердің негізгі бағыттары мен аса ірі жетістіктері: пайдалы қазбаларды пайдалану, игеру, қалпына келтіру; күрделі кенді жаңа кенорындарын қазымдау, түрлі типтегі кендер мен техногенді шикізаттарды өңдеу технологиясы мен химиясы; отқа төзімді материалдар, тотықсыздандырғыштар, ферроқорытпалар алу. Инновациялық әзірлемелер бойынша қазақстандық және әлемдік нарыққа жаңа өнім шығаратын тәжірибе өндірісі құрылды (тұрақты осмий изотопы, йод және олардың қосылыстары, кешенді қорытпалардың жаңа түрлері, көміртекті тотықсыздандырғыштар). Кешенді қорытпалар («Қазақстандық» қорытпа) өндіру бойынша түрлі континенттерде өнеркәсіптік өндірістер  ұйымдастыру жүзеге асырылуда.

Боливия, Италия, Канада, Қытайда қорғасын өңдеу, соның ішінде бейкондиционды қорғасынқұрамды шикізаттарды өңдейтін зауыттар өнеркәсіптік өндіріске қосылды.

Ғылыми еңбектерінің саны: 450-ден астам ғылыми еңбек, оның ішінде, 120-дан астам  өнертабыс, 14 монографиялар мен жинақтар, оның ішінде «Қазақстанның минералды шикізаттарын кешенді өңдеу» (10 томдық жинақ, 2003 және 2008 жж. басылған) авторы.

Марапаттары: Ғылым, техника және білім саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлықтарының (2001, 2015 жж.), «Тарлан» сыйлығының (2003 ж.),  Е. А. Бөкетов атындағы сыйлықтың (2005 ж.),  У.А.Жолдасбеков атындағы сыйлық пен Алтын медалдың (2011 ж.) лауреаты. «Құрмет» орденімен (2000 ж.), «Астанаға 10 жыл»  мерейтой медалімен (2008г.), Қазақстан Республикасының Бірінші президентінің Алтын медалімен (2011 ж.),   «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен (2011 г.), «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» кеуде белгісімен марапатталған,  «СССР өнертапқышы» (1980 ж.). «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы» (2014 ж.). Түркістан қаласының құрметті азаматы (2006 ж.).

×
Stay Informed

When you subscribe to the blog, we will send you an e-mail when there are new updates on the site so you wouldn't miss them.

Autobiography
Autobiography