Өмірбаян
Жусупбекова Гульсара Галимбековна Алматы қаласындағы Аба й атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «6D010200 –Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша 3 курс докторанты.
Торғай облысы (қазіргі Қостанай), Арқалық ауданының Майқұт ауылында 1974 жылы 9 наурызда дүниеге келген.
Білімі:
1992-1995 ж.ж. Арқалық педагогикалық училищесі, «Мектепалды ұйымдар тәрбиешісі» мамандығы.
1999-2001 ж.ж. Көкшетау гуманитарлық-экономикалық университеті, бакалавриат, «Психология» мамандығы.
2006-2008 ж.ж. Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, 6N0103 «Педагогика және психология» мамандығы (үздік диплом).
2013-2014 ж.ж. ҚР тұңғыш президенті Н.Назарбаевтың «Болашақ» халықаралық грант иегері. Ғылыми тағылымдама өткен орын: Брунель университеті (Ұлыбритания, Лондон). 67 Т – Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі мамандығы бойынша «Инновациялық педагогикалық технологиялар және педагогикалық іс-әрекетті жүзеге асыру жолдары» тақырыбы.
07.11. - 20.12.2016 ж. DAAD халықаралық грант иегері (Германиялық академиялық алмасу қызметі). «Шығыстық әріптестік» бағдарламасы шеңберінде Оңтүстік-Шығыс, Шығыс Еуропа (Кавказ) және Орталық Азия жоғарғы оқу орындарында оқыту, Фрайбург/Хайдельберг - Грозный – Алматы серіктестігі. Хайдельберг педагогикалық университеті, Германия.
25.09. - 09.10.2017 ж. Диссертация жұмысы бойынша Германияның Лейпциг университетінде ғылыми тағылымдама.
Кәсіби әрекет:
1995 – 2000 ж.ж. Торғай гуманитарлық колледжі, лаборант.
2003 – 2008 ж.ж. «Психологиялық-медико-педагогикалық кеңес беру» ММ, ББ АҚ, педагог-психолог.
2008 – 2015 ж.ж. Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, Жалпы педагогика, психология және әлеуметтік жұмыс кафедрасының аға оқытушысы.
Марапаттары:
Өскелең ұрпақты тәрбиелеу жолындағы қол жеткізген табыстары үшін 2007 жылы Ақмола облыстық білім Департаментінің марапатына ие болған.
40-қа жуық ғылыми еңбектің, оның ішінде: 1монография, 1 оқу құралы, мемлекеттік тілдегі 2 оқу-әдістемелік кешен, халықаралық Scopus (h-index, SNIP, SJR) базасына тіркелген басылымдардағы 3 мақала, ҚР БжҒМ бақылауындағы басылымдардағы 6 мақала және халықаралық және республикалық конференциялар жинақтарына енген мақалалар авторы.
When you subscribe to the blog, we will send you an e-mail when there are new updates on the site so you wouldn't miss them.