Өмірбаян
Халықаралық ақпаранттандыру академиясының академигі
Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты.
Бөдене құсын зерттеп Қазақстанда тұңғыш кандидаттық диссертация қорғаған - ғалым.
1977 жылы 26-желтоқсанда Алматы облысы Алакөл ауданы Екпінді ауылында дүниеге келген.
2005 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін «Аңшылықтану және аң шаруашылығы» мамандығы бойынша үздік дипломмен тәмамдаған (осы мамандықтан қазақ тобында бірінші қызыл диплом алған қазақ).
2005 жылы қыркүйек-желтоқсан айларында Қазақ ұлттық аграрлық университеттің физиология және морфология кафедрасының ассистенті.
2005-2008 жылдары 3-жылдық күндізгі бөлімде аспирантурада оқыған.
2008 жылы 12-желтоқсанда «Жергілікті бөдене популяциясының өнімділік қасиеттері» тақырыбындағы кандидаттық диссертация қорғаған.
2009-2010 жылдары Аңшылықтану және балық шаруашылығы кафедрасының ассистенті.
2009-2012 жылдары 3-жылдық күндізгі бөлімде PhD докторантурада оқыған.
2012-2013 жылдары Мал және балық шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» кафедрасының ассистенті.
2013-2016 жылдары орман ресурстары және аңшылықтану кафедрасының аға оқытушысы.
Қәзіргі уақытта орман ресурстары және аңшылықтану кафедрасының қауымдастырылған профессоры.
100 -ден аса ғылыми еңбегі бар. Ғалымдармен бірлесіп жазған «Бөдене шаруашылығы», «Бөдене өсіру ерекшеліктері», «Перепеловодство», «Quail production», «Биология разведение перепелов», «Птицеводство», «Ауыл шаруашылық құстарының түрлері мен кросстары», «Нетрадиционное птицеводство Казахстана», «Краткий терминологический словарь в птицеводстве», «Жалпы аң шаруашылығы», «Аңшылықтану және аң шаруашылығы мамандығы бойынша орысша-қазақша-ағылшынша-латынша аударма сөздік», «Қой және ешкі өнімдерін өндіру технологиясы 1-2 томдығының», «Каракулеводство», «Ара шаруашылығы», «Общая зоотехния», «Частная зоотехния», «Қоян шаруашылығы», «Экологиялық зоогеография негіздері» оқулықтарымен оқу құралдарының және бірнеше әдістемелік нұсқаулықтың авторы.
2012-2015 жылдары ҚР АШМ 212 «Агроөнеркәсіптік кешені облысындағы ғылыми зерттеулер және іс-шаралар» бюджеттік бағдарламасына сәйкес «ҚР-ғы әр түрлі аумақтарындағы ауыл шаруашылығы жануарларын, құстарды, балық және ареалды көбейту, ұстау, азықтандыру технологиясын жетілдіру, өнімділіктің генетикалық потенциалын жоғарлату» №2 приоритеттік бағыты бойынша ғылыми қызметкер.
Өлең, әңгіме жазады. ҚазҰАУ ректоры, экономика ғылымдарының докторы, академик Т.И. Есполовтың қолдауымен 2003 жылы (университет студенттері арасында алғашқы) «Мен қонақпын» өлең кітабы шыққан.
2003 жылы «Мәңгілікке тілейтін тілегім бар» атты жыр кеші өткен. Халықаралық, республикалық және жергілікті басылымдарға өлеңдері жарияланып тұрады. Қазақ ұлттық аграрлық университетінің «Мал шаруашылығы технологиясы» факультетінің 2003 жылғы «Ең үздік студенті», сол 2003 жылы институттың «Ең дарынды студенті» атанған.
2018 жылы 10-ақпанда Екпінді ауылында «Дара жол» бағдарламасы аясында ауыл тұрғындарымен және мектеп оқушыларымен кездесу өткізді.
2003 жылғы VI-шы Халықаралық шығармашыл жастар фестивалінің дипломанты.
Н.Ә. Назарбаевтың арнайы алғыс хатымен марапатталған. Қазақ ұлттық аграрлық университетінің, «Гүлзар» қоғамдық бірлестігінің алғыс хаттарымен марапатталған.
ЮНЕСКО-ның Қазақстандағы өкілдігінің арнайы алғыс хатымен марапатталған. Көптеген сертификаттарға ие болған.
Қазақстан Республикасы Білім беру ісіне қосқан үлесі үшін «Алаш ұстазы» медалімен және «Отан патриоты» медалімен марапатталған.
Спорттық көптеген жарыстардың (қазақша күрес, қол күрес, гир көтеру, арқан тартыс) жеңімпазы. Қазақстан авторлары қоғамының мүшесі.
When you subscribe to the blog, we will send you an e-mail when there are new updates on the site so you wouldn't miss them.