Өмiрбаян
Бакиров Келес Қапашұлы, 1939 жылы туған, 05.23.01 – «Құрылыс, ғимараттар мен имараттар» мамандығы бойынша техника ғылымдарының кандидаты, Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының академигі.
Базалық білімі – инженер – құрылысшы, 1964 жылы Қазақ политехникалық институтын бітірген.
1966 - 1982 жылдары ғылыми – зерттеу және жобалау институты «Қазақ ПромстройНИИПроект» интитутының ғылыми бөлімінде инженер, аға инженер, кіші ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер, сектор меңгерушісі, ззертхана және бөлім меңгерушілері болып жұмыс атқарды.
1982 жылдың қараша айынан 2012 жылға дейін ААСИ-ҚазБСҚА - да доцент, құрылыс кафедрасының меңгерушісі, құрылыс факультеті деканының орынбасары, профессор, ассоцииріленген және академиялық профессоры болып жұмыс жасады.
2006 жылдан Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университеттің «Құрылыс» кафедрасында конкурстан өтіп доцент болып жұмыс істеп келеді.
115 оқу-әдістемелік және ғылыми еңбектері қазақ, орыс тілдерінде жарық көрген. Қазақстан Республикасы бойынша алғашқы рет 2016 жылы мемлекеттік тілде «Металл құралымдары» атты құрылыс мамандығы бойынша оқитын ЖОО студенттеріне арналған оқулық баспадан шықты. ССРО – ның авторлық куәлігінің соавторы болып табылады.
Оның жетекшілігімен «Құрылыс» мамандығы бойынша 4 магистранттар даярланды.
Профилдік пәндер циклі бойынша бакалаврларға және магистранттарға лекция оқиды, магистранттардың ғылыми жұмыстарыныа жетекшілік жасайды.
2012 жылы Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының академигі болып сайланды (ХАА).
Доцент Бакиров Келес Қапашұлының ғылыми және педагогикалық қызыметі көптеген дипломдармен және грамоталармен белгіленіп, «Қазақстан Республикасының Білім беру саласындағы Құрметті қызметкер» белгісімен марапатталды.
When you subscribe to the blog, we will send you an e-mail when there are new updates on the site so you wouldn't miss them.