Өмiрбаян
Аннақулы Гүлнара Атақызы 1950 жылы қазанның 2-ші жұлдызында Түрiкменстанда дүниеге келді. 1971 жылы Ашхабадта "Өнеркәсiптi жоспарлау" мамандығы бойынша университеттiң экономикалық факультетiн бiтiрдi.
Республикалық ғылым Академиясы атынан iссапармен жiберiлген аспирант ретінде КСРО Ғылым Академиясының Орталық экономикалық-математикалық институтының (Станислав Шаталин академиктің зертханасы) аспирантурасында оқыды, 1975 жылы экономика ғылымдарының докторы Валерий Рутгайзердің ғылыми жетекшілігімен Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттiк университетінде әлеуметтік мәселесі бойынша кандидаттық диссертациясын қорғады. Қазіргі кезде экономика ғылымдарының кандидаты болып табылады.
25 жыл бойында (1975 ж. бастап 1996 ж. дейін және 2005-2008 жж.) зерттеу институтында, Қазақ КСР-сы Мемлекеттік Жоспарының ғылыми-зерттеу экономикалық институтында, Қазақстан Республикасының Экономика Министрлiгiнде жұмыс iстедi. Оның көптеген идеялары Қазақстан экономикасына енгізуге алынды, ол кедейшілік мәселелері және оны еңсеру мәселелері бойынша Қазақстандағы ең алғашқы басылымдарының (1991 ж.) авторы болып саналады. Ол сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің Әкiмшiлiгінде, Алматы облысының әкiмдiгiнде, мәдениет және ақпарат министрлiгiнде, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында, Kазiргi саясаттың халықаралық институтында, Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ, Алматы энергетика және байланыс университетiнде жұмыс iстедi. Қазiргi уақытта - UIB доценті.
Қазақстан және Орталық Азияның аймақтық (соның ішінде, «2030 ж. дейiнгі Қазақстан Республикасының халқын қоныстандыру және аумақты кеңiстiк ұйымдастыру» 3 томдық ұжымдық монографияның авторы, экономика және бюджеттiк жоспарлау Министрлiгiнің баспасы, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ, Астана, 2008 ж.), аймактык, әлеуметтiк, ғылымтану мәселелері бойынша 150-ден астам ғылыми басылымдар мен ғылыми есептердің авторы болып табылады.
Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшесi болып табылады. 2001 жылы II дәрежелі "Достық" орденімен марапатталды.
When you subscribe to the blog, we will send you an e-mail when there are new updates on the site so you wouldn't miss them.