Өмірбаян

Сарсенова Нұрзила Сарсенқызы

 

Сарсенова Нұрзила Сарсенқызы 1947 жылы Гурьев облысы, Бақсай ауданы, Жаңакүш ауыл советінде дүниеге келді.

1953-1963 жылдары Фурманов атындағы орта мектебінде оқып,           1965-1970 жылдар аралығында Гурьев мемлекеттік педагогикалық институтының химия-биология факультетін бітірді.

1970 жылдан бастап Атырау қалалық №7 Мұхтар Әуезов атындағы мектепте химия, биология пәні мұғалімі, тәрбие жұмысын ұйымдастырушы, оқу ісінің меңгерушісі қызметтерін атқарды. 1998-2012 жылдар аралығында Атырау облыстық кадрлар біліктілігін арттыратын және қайта даярлайтын институтының директоры, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты директорының міндетін атқарушы  қызметтерінде болды.

2014 жылдан бастап институттың «Тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру» кафедрасының меңгерушісі.

2006 жылы Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми педагогикалық кадрлар біліктілігін арттыратын республикалық институтының доценті, 2009 жылы педагогика  ғылымдарының  кандидаты, 2011 жылы Халықаралық ақпараттандыру Академиясының академигі, 2012 жылы «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының академиялық профессоры ғылыми атақтары берілді. 2015 жылы Атырау қаласының Құрметті Азаматы атағы берілді.

Еңбек еткен жылдарында «Қазақстан Республикасы оқу ісінің үздігі»,  «Ы.Алтынсарин», «Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің Құрметті қызметкері» төс белгілерімен және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлары біліктілігін арттыратын республикалық институтының, облыс әкімінің, облыстық мәслихаттың, облыстық білім беру департаментінің, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының Құрмет грамоталарымен, Атырау облысы Білім беру басқармасының «Үздік басшы» номинациясымен марапатталды.

Мұғалімдердің І сьезіне, ТМД елдерімен біріккен математика пәні мұғалімдерінің І сьезіне, Республикалық химия пәні мұғалімдері сьезіне делегат ретінде қатысып, Елбасының Үздік ұстаздарды қабылдауында болды.

Бірнеше оқу-әдістемелік құралдар дайындап, халықаралық, республикалық, облыстық ғылыми-практикалық  конференцияларда, семинарларда, форумдарда, парламент мәжілісінде  баяндама  жасады.

 Отбасылы: жолдасы,  ұлы,  келіні,  5  немересі  бар.

×
Stay Informed

When you subscribe to the blog, we will send you an e-mail when there are new updates on the site so you wouldn't miss them.

Алдабергенов Абай Капанович
Sarsenova Nurzila