Өмірбаян

Мұсабеков Ахметбек Ахылбекұлы

Мұсабеков Ахметбек Ахылбекұлы, Оңтүстік-Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Бірлік ауылында 1966 жылы 9 қаңтарда туылғанмын, ұлтым қазақ. 1983 жылы Республикалық физика-математикалық мектепті бітірген соң Қазақ химия-технологиялық институтына «Технологиялық процестер мен өндірісті автоматтандыру» мамандығына оқуға түстім, жоғары математикадан Республикалық олимпиаданың бірнеше рет жүлдегері болғанмын. 1987-1989 жылдар арасында Кеңес Армиясы мен ӘТФ құрамында қызмет еттім. 1990 жылы институтты үздік бітіргеннен кейін еңбек жолымды ҚазХТИ-дің «Технологиялық процестер мен өндірісті автоматтандыру» (қазіргі кезде «Автоматтандыру, телекоммуникация және басқару») кафедрасында оқытушы лауазымында бастадым. 2010 жылы  25.00.36 – «Геоэкология» мамандығы бойынша кандидаттық диссертацияны қорғадым, қазіргі уақытта  М. Әуезов атындағы ОҚМУ-де «Автоматтандыру, телекоммуникация және басқару» кафедрасының меңгерушісі болып жұмыс істеймін.

Ғылыми бағытта технологиялық процестер мен өндірісті автоматтандыру жүйелерін зерттеу, жасау және жобалау жұмыстарымен айналысамын, 50-ден астам ғылыми және ғылыми-әдістемелік еңбектер, бір авторлық куәлік, бір алдын-ала патент, бір оқу құралым бар. Осы уақыттағы ғылыми-зерттеу жұмыстарым күн және фотовольтаикалық  электростанциялардың оптикалық жүйесін бақылау, позициялау және автоматтандыру жүйелерін құрастыруға арналған, сондай-ақ баламалы және екінші энергия көздерін қолданатын гибридті (аралас) жылу электростанцияларын зерттеуге арналған. «Күн энергиясын оптималды қолдану үшін гелиоқондырғылардың автоматтандырылған басқару жүйелерін зерттеу және басқару» тақырыбында грантты ғылыми зерттеу жұиыстарымен айналыстым.

Кафедра, факультет және университеттің қоғамдық жұмыстарына белсенді қатысамын, кез-келген спорттық іс-шараларға және  ППС арасындағы факультет аралық спартакиадада шахмат, тоғыз-құмалақ, футбол ойнаймын. Үйленгенмін, жанұялымын.

×
Stay Informed

When you subscribe to the blog, we will send you an e-mail when there are new updates on the site so you wouldn't miss them.

Autobiography
Өмірбаян