Өмірбаян

Джанмулдаева Ляззат Нургалиевқызы  1969 жылы 21-ші қарашада  Қызылорда облысы, Қызылорда қаласында дүниеге келген. Ұлты қазақ.

 

Ата –анасы қарапайым қызметкерлер. Отбасында 4 баланың үлкені. Тұрмыста 4  баланың  анасы. Білімі жоғары – Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Экономика » факултетінің «Экономика және менеджмент» (агробизнестегі менеджмент) мамандығын алған.

Еңбек жолын 1989 жылы маусым айынан бастап Қызылорда қалалық «Казначейство» мекемесінде қазынашы ретінде бастаған; 1995-2000 жылдар аралығында Қызылорда Қорқыт ата атындағы университетін  аяқтаған;  2003—2005 жылдар аралығында Алматы қаласы Құрылыс және менеджмент колледжінде экономика пәндерінің оқытушысы; 2009-2014 жылдар аралығында Астана қаласы «Экономика және заң колледжінде» экономика пәндерінің оқытушысы; 2011-2013 жылдар аралығында Қазақ экономика және халықаралық қатынстар университетінің «Экономика» мамандығы бойынша магистатурада оқып экономика ғылымдарының магистрі атағын алған; 2014-2015 оқу жылынан бастап Астана қаласы Қазақ технология және университетінің аға оқытушысы, 2016 жылдың қыркүйек айынан бастап Туран университетінің «Экономика» кафедрасының докторанты.

Осы уақыт аралығында 2 оқу құралын, ғылыми еңбектер жазған, атап айтқанда: «Макроэкономика», «Микроэкономика» пәні бойынша оқу құралы: Астана қаласы «Академия печати» 2016ж. баспасынан шыққан; Кәсіпкерлік және оның даму бағыттары атты монографиясы, Конкуренция и конкурентноспособность в условиях рынка, Монополияға қарсы реттеу және оның Қазақстанда  қолданылуы, Өтпелі кезең жағдайыдағы шағын және орта бизнесті дамытудың объективті қажеттілігі, ҚР экономикасындағы  шағын және орта бизнестің түсінігі, Кәсіпкерлік  т.б.тақырыптарына Қазақстан және Ресей  баспаларына мақалалары шыққын.

Қазақ  технология  және бизнес университетінде  «Экономика, есеп және аудит кафедрасында» ғылыми зерттеу және студенттердің ғылыми зерттеу жұмысымен айналысып, университет қабырғасында жылда өтетін Республикалық конференцияны кафедра бойынша  ұйымдастырып, студенттерді жұмыла қатысуына еңбек етті.

Еңбекқор, көп балалы ана, мемлекеттік деңгейде және универитет қабырғасынды болатын барлық іс-шараларға ат салысып, жақсы нәтижелер көрсетті.

×
Stay Informed

When you subscribe to the blog, we will send you an e-mail when there are new updates on the site so you wouldn't miss them.

Summary
Biography