Өмірбаян

Әліпбеки Оңғарбек Әліпбекұлы, биология ғылымдарының докторы, профессор, еңбек жолын КСРО Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында «Радиология» зертханасында бастап (1972),  27 ғылыми еңбек жариялап, нәтижесінде  радиоэкология саласының ғылым кандидаты дәрежесін алды.

Кеңес Одағы ыдырағаннан соң O.Әліпбеки Топырақ тану,  Экология және климат, Ғарыштық зерттеулер және Өсімдіктерді қорғау ғылыми-зерттеу институтарында жұмыс істеді.

O.Әліпбеки 2003 жылы тәжрибелі маман ретінде Қазақ ұлттық аграрлық университетіне (ҚазҰАУ), шақырылып оның көшбасшылық қасиеттері және білім, ғылым, өндіріс салсындағы ұйымдастырушылық дарындылығы айқын байқалды. Ол осы уақытта геоақпараттық жүйелер (ГАЖ), жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ), жаһандық навигациялық жерсеріктік жүйе (ЖНЖЖ) және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) сияқты геоақпараттық технологияларды терең меңгерген еді. O.Әліпбеки ҚазҰАУда Арал, Семей ядролық полигоны, Байқоңыр ғарыш айлағы және басқа да экологиялық шиеленіскен аймақтардың ГАЖын әзірледі. Жүйелі ғылыми-ізденістер жүргізу үшін ғарыштық зерттеулер полигоны ұйымдастырылып, халықаралық ынтымақтастық жүйеге қойылды, конкурстық негізде жеті ҒЗ жобалар және бірқатар өндірістік жұмыстар ұтылып алынып  Қазақстанның базалық ГАЖы құрылды. Бұл еңбектер университетті геоинақпараттандырудағы ірі жетістіктердің бірі еді. Соның нәтижесінде O.Әліпбеки докторлық диссертациясын аяқтап қорғады (2006), профессор (2008), "ЖООның Үздік оқытушысы" (2009), "Болашақ" бағдарламасының  стипендиаты атанып, Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі болып қабылданды (2011).

O.Әліпбеки 2010 ж. Ұлыбританияның Кембридж университетінде  «Ғарыш мониторингі және фотограмметрия» мамандығы бойынша тағылымдамадан өткеннен кейін «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» АҚ (ҚҒС) "ҚР ЖҚЗ ғарыш жүйесін құру" құрылымдық орталығының басшысылығына ("KazEOSat-1 "және" KazEOSat-2) қызметке шақырылып ол міндетін абройменен орындады. Сонымен қатар, O.Әліпбеки білім, ғылым мен бизнестің  ұйымдастырушысы ретінде ҚР ғарыштық технологияларын геоақпараттық қызметтер нарығына енгізуге арналған дайындық жұмыстарын тамаша атқарып шықты. Оның ғарыштық технологияларын тиімді пайдалануға бағытталған тұжырымдары "Қазақстан Республикасының ғарыш қызметі туралы Заңына" енгізілді.

O.Әліпбеки жас мамандарды таңдап, арнайы дайындықтан өткізіп, бәсекеге қабілетті мектеп құрды және АҚШ, ЕО, Канада, Жапония және т. б. елдермен тығыз халықаралық ынтымақтастық орнатты. Ол ҚазҰАУ мен ҚҒСтарда 30-дан астам ғылыми және коммерциялық жобаларды жүйелі және мақсатты түрде сәтті іске асырды. Бұл еңбектердің нәтижелері халықаралық және аймақтық ғылыми конференцияларда және форумдарда баяндалады. Жалпы O.Әліпбекидің 130 ғылыми еңбегі, соның ішінде 2 монография, 6 оқулық және өнертапқыштық бар.

O.Әліпбеки 2016 жылдың үшінші маусымында Халықаралық ақпараттандыру академиясының толық мүшесі блып сайланды.

 

 O.Әліпбекидің негізгі еңбектері

  1. Алипбеки О.А. Поведение искусственных радионуклидов ( 90Sr, 137Cs,147 Pm) в системе почва-растение. Издательство «Агроуниверситет». - Алматы, 2008. – 220с. (монография).
  2. Алипбеки О.А. Основы геоинформационных систем. – Алматы, 2008. – Издательство «Агроуниверситет». – 245 с.
  3. Алипбеки О.А., Кененбаев С.Б. Состояние и перспективы внедрения системы точного земледелия за рубежом и в Казахстане // Вестник сельскохо-зяйственной науки Казахстана, 2012. - № 11.- с. 3-9.
  4. Мурзакулов Г.Т., Әліпбеки О.Ә., Нургужин М.Р., Дюсенев С.Т., Дюсенбеков З.Д. «Концепция создания и развития национальной инфраструктуры пространственных данных Республики Казахстан до 2020 года». Астана, 2013. - «ТОО Дәме». - 39с.
  5. Әліпбеки О.Ә., Молдабеков М.М. Перспективы развития геоинформацион-ных ресурсов Казахстана // Доклады Национальной академии наук Республики Казахстан. – 2014. - №5. – С.27-36.
  6. Алипбеки О.А., Нургужин М.Р., Дюсенев С.Т., Алипбекова Ч.А., Кабжанова Г.Р. Концепция внедрения системы точного земледелия в Республике Казахстан.- Астана, 2014. – 19 с. ISBN 978-601-06-3025-3.
  7. Алипбеки О.А., Нургужин М.Р., Дюсенев С.Т., Алипбекова Ч.А., Кабжанова Г.Р. Рекомендации по использованию космических технологий для ведения системы точного земледелия в Республике Казахстан.- Рекомендация. – Астана, 2014. – 36 с. ISBN 978-601-06-3024-6.
  8. Алипбеки О.А., Молдабеков М.М. Перспективы развития геоинформацион-ных ресурсов Казахстана // Доклады НАН РК. – 2014. –№5. - С.27-36.
  9. Алипбеки О.А., Молдабеков М.М. Об эффективности использования космических технологий Республики Казахстан // Вестник НАН РК. – 2015. –№2. - С.231-239.
  10. Алипбеки О.А., Молдабеков М.М., Нургужин М.Р. Коммерциализация космических технологий Республики Казахстан //  Доклады национальной академии наук  Республики Казахстан. – 2015. -№4.- С. 16-23.
  11. Алипбеки О.А., Молдабеков М.М., Дюсенбеков З.Д., Нургужин М.Р. Созда-ние, формирование и развитие пространственных данных. – Астана, 2015. ISBN 978-601-280-659-5 (монография).
  12. Alipbeki O., Sagin J., Kazangapova N. / Water coverage and quality fluctuations of the Aral Lake tributary reservoir in Kazakhstan // Join Assembly. – Montreal, Canada. – 3-7 may, 2015. – P.131.
  13. Alipbeki O. and at all/ Application of GIS technology to monitor the secondary radioactive contamination of the Degelen mountain massif//8th IGRSM International Conference and Exhibition on Geospatial and Remote Sensing, 13-14 Aipril, 2016, Kuala Lumpur, Malaysia //http://iopscience.iop.org/article/10.1088/1755-1315/37/1/012080/meta. - IF 0.135.
  14. 14. Alipbeki O. and at all/ Carrying out space monitoring of agricultural production in North Kazakhstan / Eurasian Union of Scientists.- №2(23)./2016.- С.153-156. http:// euroasia-science. ru/ wp-content/uploads/2016/04/euroasia_23_p1_2-5.pdf. Global  Impact and Quality Factor  0.388.
  15. Alipbeki O. and at all/ Use of operational remote sensing in forecasting of wheat production in Nothern Kazakhstan//16th edition SGEM International Multidisciplinary Scientific Geoconference, 27.06-07.07.2016 г., Albena, Bulgaria. - Hi-index Scopus (Elsevier) 5.0.

 

×
Stay Informed

When you subscribe to the blog, we will send you an e-mail when there are new updates on the site so you wouldn't miss them.

Summary
Коротко о деятельности МАИН