Өмірбаян

Өміржанова Жанат Тоқтарбайқызы, 1970 жылы 13 қарашада Алматы облысы Райымбек ауданы  Сумбе селосында мұғалім жанұясында дүниеге келдім. 1970-1987 жылдар арасында Абай орта мектебінде оқып, оны күміс медальмен бітірдім.

 

1987 жылы Мәскеу геодезия, аэротүсірілім және картография инженерлері институтын Картография мамандығы бойынша тамамдадым.

 1992 жылы ОКЭ -102 кәсіпорнында инженер-картограф лауазымында жұмыс істедім. 

1993 жылдан бері Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясында жұмыс істеп келемін, әр жылдары ассистент-оқытушы, Ғылым және әдістемелік жұмыстар бойынша проректор көмекшісі, ассоциирленген профессор болып жұмыс істедім. 2010 жылдан бері  «Геодезия» кафедрасының меңгерушісімін.  

 2005 жылы 25.00.32 - «Геодезия» мамандығы бойынша техника ғылымдары кандидаттық диссертациясын қорғадым. Дәріс беретін пәндер: Геодезия, Картография, Сандық картография.

 25-тен астам ғылыми статья, 3 оқу құралы,  15 әдістемелік нұсқаулықтар авторымын.

2007-2009 жылдары Еуропалық «Темпус» жобасының «Геоақпараттық жүйелер Қазақстанның тұрақты дамуы үшін» бағдарламасының қосалқы координаторы болдым. Оның нәтижесінде өте қымбат замануи геодезиялық құрал-жабдықтармен жабдықталған екі арнайы «ГАЖ-орталығы», «Геоақпараттық картографиялау зертханасы» кабинеттері  ашылды.  

Өз біліктілігімді көтеру тұрғысында әр түрлі ғылыми, ғылыми-практикалық конференциялар, семинарлар мен онлайн курстар өтіп, заманауи геодезиялық аспаптар мен кәсіби бағдарламалармен  жұмыс істеуді меңгеріп, оларды оқу үрдісіне енгізудемін. 2009 жылы Батыс Венгрия университетінде  «Advanced ArcGIS», 2013 жылы «Leica center Geosystems», Алматы, 2014 жылы  ESRI, Россия, біліктілікті арттыру курстарын өттім.

2010 жылы «Алматы облысының Ақши, Көкжазық, Тау-Турген тұрғылықты мекендерінің GPS түсірімі» келісімді жұмыстарына басшылық жүргіздім.

  2012 жылы МРҚК «Ұлттық картографиялық геодезиялық қор» қазақ тілінде жасаған Уақыттың біріңғай нормалары және Біріктірілген сметалық нормалар анықтамасы   (далалық және камералдық жұмыстары)  жұмыстарын  жүргіздім.

2014 жылдан бері  6D071100 - «Геодезия» мамандығы бойынша PhD ғылыми атағын тағайындау бойынша Диссертациялық Кеңес мүшесімін.

Жұмыс барысында мақтау қағаздары  (Алматы қаласы әкімі, 2012)  және алғыс хаттарымен (Өңірлік даму министрлігінің Құрылыс және ТКШ комитеті алғыс хаты, 2014  және ҒжБМ Сатпаев атындағы ҚазҰТУ-дың  студенттерді республикалық олимпиадаға 2-кезеңіне дайындау үшін алғыс хатымен, ҚазБСҚА алғыс хаттарымен және т.б.) марапатталдым.

Академияда 20 жылдан бері жұмыс жасау барысында 100-ден астам студенттер мен магистранттардың дипломдық жобалары мен магистрлік диссертациясына жетекшілік жүргіздім. Олардың көбі қазіргі кезде геодезия және картография саласында лауазымды жұмыстарын атқаруда.

×
Stay Informed

When you subscribe to the blog, we will send you an e-mail when there are new updates on the site so you wouldn't miss them.

Assessment of the Company’s Performance in Light o...
Өмірбаян