Өмірбаян

Нұрланова Наиля Капенқызы - ҚР БҒМ ҒК Экономика институты директорының орынбасары, экономика ғылымдарының докторы, профессор.

Негізгі ғылыми мүдделер: экономика ғылымының теориясы, әдістемесі және тәжірибесінің дамуы, соның ішінде макро-және аймақтық экономика мәселелерін зерттеу аясындағы мемлекеттің аймақтық және инвестициялық-инновациялық саясатын қалыптастыру және жүзеге асыру, институтционалдық құрылу, капитал нарығы,  тұрақты даму, оның қаржылық, инвестициялық және ғылыми-технологиялық қамтамасыз етілуі, инновациялық экономика, елдің және оның аймақтары экономикасының бәсекеге қабілеттілігі және тиімділігі. Халықаралық жобалар және мемлекеттік тапсырыстар шеңберінде бірнеше іргелі, іздеуші және қолданбалы зерттеулер тақырыптарының орындаушысы болып табылады.

350 жуық ғылыми еңбектердің авторы,  соынң ішінде жеке монографиялар "Қазасқтан экономикасында инвестицияны қолдану және қалыптастыру: стратегия және механизм". - Алматы. - 1998. 15 п.л., "Қазақстанның тұрақты дамуының аймақтық парадигмасы: теория және тәжірибе мәселелері". – Алматы. - 2010. - 20п.л., және 40 жуық монографиялық сипаттағы үлкен жұмыстарда өзіндік бөлімдер. Зертеулерінің нәтижелері әртүрлі деңгейдегі дөңгелек үстөлдерде, семинарларда, республикалық және халықаралық конференцияларда сынақталған.

Ғылыми мектебі бар: 19 ғылым кондидатын, 4 ғылым докторын, 3 PhD докторын дайындағын, олардың көпшілігі мемлекеттік органдарда, ғылым саласында және жоғарғы оқу орындарында қызмет етеді. Әртүрлі жобаларды, бағдарламаларды, заңнамалық актілерді, тұжырымдамаларды, ережелерді сараптауға және ғылыми қамтамасыз етуге қатысады. 

5 басымдық бойынша ұлттық ғылыми кеңестің мүшесі болып табылады "Елдің интелектуалды әлеуеті" (2011-2014ж.), экономика аясындағы журналдардың редакциялық мүшесі «Journal of Asian finance, Economics and Business», «Journal of Distribution Science» (Сеул, Оңтүстік Корея), «ҚР ҰҒА Хабаршысы», Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар сериясы (Алматы), «Экономика: стратегия и практика» ҚР БҒМ ҒК ЭИ (Алматы), «Экономика және статистика» (Астана), «Аймақтық даму хабаршысы» (Қарағанды), «Иқтисод ва молия – Экономика и және Қаржы (Өзбекстан Республикасы).

"Қазақстан Республикасы ғылымын дамытудағы еңбегі үшін" белгісімен марапатталған (2005ж.), ғылым мен техниканың дамуына ерекше үлес қосқан мамандарға және ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендияның иегері болып табылады (2006-2008жж.), “Application and integration of the “Green Growth” tools and policies into the strategic planning system of the Republic of  Kazakhstan / under the ed. of  B. Yesekina, Almaty, 2010, 64p. ұжымдық ғылыми еңбегі үшін 2010 ж. ең үздік экономикалық зерттеуге арналған Евразиялық ғалымдар клубы сыйақысының лауриаты.  

×
Stay Informed

When you subscribe to the blog, we will send you an e-mail when there are new updates on the site so you wouldn't miss them.

Summary
Жаркинбеков Темирхан Ниязович