Өмірбаян

Хусаинов Дамир Микдатович (КазҰАУ профессоры) Алматы Зооветеринария иститутының ветеринария факультеті ветеринариялық дәрігер мамандығы бойынша үздік, (1987), Алматы Зооветеринария иститутынының аспирантурасын (1992) бітірген.

 

Алматы Зооветеринария иститутынының оперативті хирургия және ватеринария негіздері кафедрасында ассистент (1987-1989), кіші ғылыми қызметкер (1992), аға ғылыми қызметкер(1993-2000), биологиялық қауіпсіздік кафедрысында ассистент (2000-2004), аға оқытушы (2004-2005), доцент м.а. (2005), доцент (2005), профессор м.а. (2013), профессор (2014) жұмыс істеді.

Ірі қара малының асқазан-ішек, респираторлы және гинекологиялық ауруларында стимулятор ретінде қолдануға арналған органғателімді цитотоксикалық қан сарысуын дайындау технологиясын әзірледі.Диагностикалық препараттар комплемент, гемолизин, құтырықта, бруцеллезде, топалаңда, трипанасомоз, гельминтозға арналған препараттардың дайындау технологиясын жетілдірді.

Өнертапқыш саласында (2007) «Шапағат» лауреаты атанды, «ЖОО үздік оқытушысы» (2008) атағын алды.

420 ғылыми еңбектің, соның ішінде 1- Scopus базасында - World Academy of Science, Engineering and Technology (WASET) халықаралық конференцияда журналға статья жарияланды. 160 қорғалған құжаттар алынды, соның ішінде 34 ҚР Патенті; 126 алдын ала және инновациялық патенттер ҚР, соның ішінде 7 - стимуляторлы препараттар алу саласына, 3 препарат күйікті емдеуге, 1- радияциялық бүлінге, 4 диеталық азыққа, 14 топалаңға, 2 посморталды диагностика, 17 - құтырық, 9 - биокомпонентке, 2 - етқоректілердің оба және басқа вирустық аурулары, 6 – эхинококкоз, 36 – бруцеллез, 4 – инфекциялық эпиддидимит, 4 – трипаназомоз, 12 – антигельменттік және паразитке қарсы, 4 – листериоз, 1 туберкулез, 4 – шошқа тілмесі, 3 – клостридиоз, 1 биопрепарат сапасын жоғарлату, 2 – биотехнологиялық процестерді жетілдіру, 1- аусыл, 4- жақпа майлар, 4 – пироплазмоз, 1 – хламидиоз, 7 – пробиотик, 3 – мастит, 1 – Нъюкасл ауру, 1 – анаплазмоз, 1 – трипанасомоз, 1 – ценурпоз, 1 –биопрепарт қауіпсіздігін жоғарлату үшін, 7 – қымыз бен шұбат өндіру үшін ашытқы алу. 28 ветеринариялық препаратқа және 2 ашытқыға нормативтік техникалық құжаттары әзірлеген және қолдануға рұқсат етілген әзерленген.

ҚР БжҒМ ККСОН тізіміне енетін басылымдарда 173 ғылыми еңбек жарияланған, 57 халықаралық конференцияға материалдар (47 ҚР, 3 жақын, 7 алыс шетелде өткізілген), 23 оқулық, соның ішінде 9 оқулық ҚР БжҒМ грифпен, 9 оқу құралы соның ішінде 2- ҚР БжҒМ грифпен. Республикалық ғылыми –практикалық «Ветеринария».журналының редактор.

 

×
Stay Informed

When you subscribe to the blog, we will send you an e-mail when there are new updates on the site so you wouldn't miss them.

Autobiography
Нұржауов Амангелді