Өмірбаян

Гүлнәз Дүйсекқызы Ілгекбаева

Iлгекбаева Гүлнәз Дүйсекқызы, 1966 ж. Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Дайыр селосында туған, қазақ. 1988 жылы Семей зоотехникалық-малдәрiгерлiк институтының ветеринария факультетiн үздiк бiтiрген. 1988 – 1989 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Кендiрлiк совхозында мал дәрiгерi болып қызмет iстеген.

Iлгекбаева Г.Д. 1989 - 1992 жылдары Қазақ ғылыми зерттеу малдәрiгерлiк институтының протозоология және арахноэнтомология зертханасы жанындағы аспирантурада оқып, 1994 ж. 16.00.09 мамандығы бойынша биология ғылымының кандидаты ғылыми дәрежесiне арналған диссертациясын сәттi қорғаған. 1992 жылдан 2000 жылдары аталған зертхананың, сонан кейiн вирусология және иммунология, сондай-ақ биотехнология және биохимия зертханаларының кiшi ғылыми қызметкерi, ғылыми қызметкерi және аға ғылыми қызметкерi болып iстеген.

2000 жылдың желтоқсанынан бастап Қазақ ұлттық аграрлық университетiнiң микробиология және инфекциялық аурулар кафедрасы жанындағы докторантурада оқыды. 2005 ж. қыркүйектен індеттану және ветеринария ісін ұйымдастуры кафедрасының ассистенті, 2008 ж. аға оқытушы, 2009 ж. – доцент міндетін атқарушы.

2008 ж. наурызда ветеринария ғылымының докторы ғылыми дәрежесіне 16.00.03 мамандығы бойынша докторлық диссертацияны қорғады. 2008 ж. қыркүйектен 2009 ж наурызға дейін қашықтықтан білім беру технологиясы бөлімі оқу ісін ұйымдастыру және басқару секторының меңгерушісі болып қызмет істеді.

180-нан астам ғылыми еңбектің автор, оның ішінде 3 “Ноу-хау” куәлiгi, жылқы трипаносомозын серологиялық балауға арналған әдiстемелiк құралы, ҚР ҰПФ 13 алдын ала куәлiгi, 9 нормативтi-техникалық құжаттар, ағылшын тілінде бір оқулық, 3 оқу құралы.

Г.Д.Ілгекбаеваның ғылыми жұмыстарының нәтижесi “21 ғасырда ауруларды тексеруге” ядролық және онымен байланысты технологияларды қолдана отырып мал ауруларын балау және тексеру жөнiндегi халықаралық симпозиумда (Вена, Австрия, 1997; Мәскеу, 2013), халықаралық конференцияларда (Алматы, 2005, 2006; Астана, 2008, Кощице, Словак Республикасы, 2014), Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларда (Ақмола, 1997, Алматы, 2000, 2004, 2005, 2006, 2007, 2010, 2012, 2015; Семей, 2004, 2014; Омбы, 2000; Мәскеу, 2011); трипаносомоздар және қан құрттары бойынша екiншi симпозиумда (Кварико, Венесуэла, 1999), 2-Халықаралық конференцияда: Түйе шаруашылығын дамытудың агроэкономикалық аспектілері (Алматы, 2000); I, II, III-Халықаралық ветеринарлық конгресстерде (Алматы, 2002, 2003, 2015), Халықаралық індет бюросының трипаносомоздар және басқа да қан құрттары секциясының әр жыл сайын өтетiн жиынында (Париж, 2003-2009, 2013), Жылқы Ветеринариялық Ассоциациясы 10-халықаралық конгресте (Мәскеу, 2008), ИЗОКАРД 4-конференциясында (Алматы, 2015) талқыға салынды.

Г.Д.Iлгекбаеваның ғылыми жұмыстары жоғары бағаланып, оған 1997 жылы Ғылым Министрлiгi-Қазақстан Республикасы ғылым Академисының ең үздiк ғылыми жұмысы үшiн премиясы берiлдi.

Г.Д.Iлгекбаева өзiнiң бiлiмiн және кәсиби дайындығын үнемi арттырып отырады. Ол малшаруашылық өнiмдерiндегi ветеринарлық препараттардың қалдығын анықтауға арналған ядролық және онымен байланысты әдiстердi қолдану МАГАТЭ/ПК халықаралық курсын (Никосия, Кипр, 1977), әйелдерге арналған 13 халықаралық оқу бағдарламасын (Хайдарабад, Үндiстан, 1998), малдың жұқпалы ауруларын дауалау және емдеу бойынша халықаралық оқу курсын (ШҰАР, Қытай, 2001) тәмәмдаған. 2004 жылы Дүниежүзi Санаткерлiк меншiк ұжымы Дүниежүзiлiк Академиясының (ДСМҰ ДА, Женева) жалпы дистанциялық курсын, 2008 ж. Tamos Business Learning бағдарламасын қолдану оқыту курсын, 2015 ж. ауруларды бақылау және дауалау жөніндегі Америкалық орталығы (CDC/CAR) “Эпидемологияның заманау әдістері және аса қауіпті инфекцияларға эпидбақылау” аса қауіпті патогендерді анықтау және оларды елеу Бағдарламасы аясында тренингті бiтiрдi (куәлiктерi бар).

2008 ж. мамырда TEMPUS проектісіне сәйкес Вена Ауылшаруашылық Дақылдары Университетінде PhD бағдарламасы және университеттердің аккредитациясы бойынша тағылымдама өтті. 2009 ж. қаңтар-наурызда Жапонияда “Болашақ” халықаралық бағдарламасы бойынша ғылыми-зерттеу лабораторияларында электрондық (сканерлейтін, трансмиссивті) микроскоптарды қолдану туралы ғылыми тағылымдама өтті.

Қой аурулары жөнінде Бірінші Еуропалық конференциясының Симпозиумына қатысты (Греция, 2011).

2006-2008 ж. ҚР АШМ “Жануарлардың инфекциялық аурулары кезінде мониторнг жүргізу және індетке қарсы шараларды оңтайландыру” тапсырмасы бойынша ғылыми бағдарламаны іске асыруға қатысты.

Ветеринарияның заманауи ғылыми мәселелерін жақсы біледі, жетекші халықаралық ғылыми орталықтармен белсенді түрде бірге қызмет етеді. Ветеринария мәселелерімен шектелмей, ғылымның басқа да саласын қамтып, 2008-2010 жж. Дүниежүзілік банк конкурстық гранттар Жүйесі аясында “Ауылшаруашылық өнімдерінің бәсекелестігін арттыру” жобасы “Жаңа технология мен әдістерді ескеріп ұсақтауарлы шаруашылықтардағы сүт гигиенасы”, “Биік таулы жайылымдарға бейімделген жергілікті қатты жүнді қой өнімділігін жетілдіру және арттыру” тақырыптарын орындауға қатысты.

2013-2015 ж. ҚР БҒМ 055 “Ғылыми және/немесе ғылыми-техникалық іс әрекет” бюджеттік бағдарлама, 101 “Ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру” жоба асты бойынша “ЭМ-технология көмегімен ауылшаруашылық малдары төлдерін сақтауды қамтамасыз еті” тақырыбы жоба жетекшісі;

Агроөндірістік кешендер аясында қолданбалы ғылыми зерттеулер 2015-2017 жж. 212 “Агроөндірістік кешендер және табиғат пайдалану аясында ғылыми зерттеулер” бюджеттік бағдарламасы “Байсерке-Агро” ЖШС мысалы ретінде, мал шаруашылығы өнімділігін арттыру және ветеринарлық-санитарлық саулығын ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету” бағдарламасын орындау үшін №83/13 келісім-шарты бойынша және 212 “Жануарлардың инфекциялық, паразитарлық және жұқпалы емес ауруларын балаудың әдестерін жасау мен жетілдіру бойынша ветеринариялық саулықты ғылыми қамтамасыз ету” бюджеттік бағдарламасы бойынша №86/6 келісім-шарты бойынша қызмет көрсетеді.

Ильгекбаева Гульназ Дуйсековна – заманауи ғылымның беталысын білетін, көптеген ғылыми бағдарламаларда қатынасқан, алынған нәтижелерді өздігінен талдай алатын маман.

 

×
Stay Informed

When you subscribe to the blog, we will send you an e-mail when there are new updates on the site so you wouldn't miss them.

Список трудов
Шабдарбаева Гульнар Сабыровна