Өмірбаян

Альмурзаева Бибигуль Келисовна 1972 жылы туылған, қазақ, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемелекеттік университетті 1996 жылы «Бастауыш мектеп педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша бітірді.

Институтты бітіргеннен кейін Ақтөбе қаласы № 8, 19 орта мектептерде бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс iстедi. 2003-2007 жж қалалық ғылыми-әдістемелік орталығында  әдіскер; 2007-2012 жж - Ақтөбе облысы педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институтының тәжірибиелік-эксперименттік жұмыс жөніндегі директорының орынбасары болып жұмыс жасады.

2010 жылы 13.00.01 – «жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы, этнопедагогика» мамандығы бойынша «Қазіргі мектептегі мүғалім түлғасының өзін-өзі дамытуының педагогикалық ерекшіліктері» атты кандидаттық диссертацияны сәтті қорғап шықты.

2012 жылдан бастап Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің әлеуметтік педагогика және бастауышта оқыту кафедрасында доцент болып жұмыс істейді, қосымша жұмыстар жүргізеді: 2013-2015ж – оқу-әдістемелік кенесінің торайымы, 2014-2015 жж - оқу үдерісін жетілдіру бойынша университет кафедраларының жұмыс комиссиясының мүшесі.

2015 жылдан ҚР БжҒМ-ның Ғылыми комитет бойынша «Ауылдық ресурстық орталықтар мен және өз бетіндік жұмыс жасайтын ШЖМ-ді бірыңғай ақпараттық – білім беру технопаркіне (ЖОО базасындағы базалық- тірек мектебіне) шоғырландыру» атты ғылыми жобанын жетекшісі болып зерттеу жұмыс жасайды. Осы жоба шеңберінде халықаралық байланыстар орнатылған:

1) Ресей – Ресей жаратылыстану академиясы (профессор Стукова Н.Ю.) – ғылыми конференциялар, іс-тәжірибе алмасу;

2) Ресей - Орынбор мемлекеттік педагогикалық университеті (доцент Мусс Г.Н.) – ғылыми ынтымақтастық;

2) Канада – Қазіргі заманғы педагогика орталығы (профессор Рудик Г.А.) – біліктілікті арттыру курстары;

3) Польша - Ольштын қ. Вармин-Мазур университетінің Шығыс Еуропа Зерттеу орталығы (профессор Киклевич А.) – ғылыми ынтымақтастық;

4) Италия – Università di Bari Aldo Moro – Facoltà di Scienze della Formazione Taranto (координатор Vincenzo Nunzio Scalcione)- ғылыми ынтымақтастық;

5) Финляндия - Йоэнсуу қ. Мектептер (профессор Ристо Килпелайнен) – ғылыми конференциялар, іс-тәжірибе алмасу;

6) Австрия - Линц қ. педагогикалық университет (профессор Ханс Шахл) – ғылыми тағылымдама;

7) Германия - Дюссельдорф қ. Білім беру орталығы (профессор Михайлова Н.Б.) - семинар-тренинг.

Альмурзаева Б.К. бірқатар оқу-әдістемелік құралдар, монографиялар жариялады: «Саморазвитие профессиональной деятельности педагога» (2008), «Профессиональное и личностное развитие педагога» (2008, в соавт.), «Контроль и оценка учебной деятельности учащихся: новые ориентиры» (2011), «Самопознание» (2013, в соавт.), «Учебно-воспитательный процесс в МКШ» (2015), «Саморазвитие личности учителя современной школы: методологический аспект» (2015, монография), «Использование диалогового обучения в учебном процессе сельских школ» (2015, в соавт.); 50 -тан аса ғылыми еңбектің авторы.

×
Stay Informed

When you subscribe to the blog, we will send you an e-mail when there are new updates on the site so you wouldn't miss them.

Ввод - вывод денежных средств в Интернет: платёжны...
Autobiography