Өмірбаян
1962 жылы 27 наурызда Алматы қаласында дүниеге келді. 1979 жылы № 35 орта мектепті алтын алқамен бітіріп, Қазақ политехникалық институтқа түсті. 1984 жылы институтты «Автоматтандыру және металлургиялық өндірістің кешенді механикаландыру» мамандығын үздік дипломмен бітірді.
1984 жылдан 1986 жылға дейін Алматы автоматтандырылған басқару жүйелерінің конструкторлық бюросында инженер қызметін атқарды.
1987 жылдан 1992 жылға дейін Алматы тәжірибе-механикалық «Гидромаш» зауытында инженер қызметін атқарды.
1993 ж. – ҚазҰТУ, «Металлургиялық процестерді физика-химиялық зерттеу» кафедрасында машықтанушы. 1994-95 жж. осы кафедраның аспиранты. 1995 жылы 05.16.02 «Түсті және сирек металдар металлургиясы» мамандығы бойынша техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін мерзімнен бұрын қорғады.
1996 ж. Гусейнова Г.Д. «Металлургиялық процестер және арнайы материалдар технологиясы» («Металлургиялық процестерді физика-химиялық зерттеу») кафедрасында оқытушы және аға оқытушы, ал 2010 ж. доцент қызметтерін атқарды.
2003 жылы ҚР ЖАК –мен доцент ғылыми дәрежесі берілді. 2003 жылдан 2008 жылға дейін докторлық диссертация кеңесінде Д 14.50.07. хатшы. Қазіргі уақытта «Тұрақты даму үшін ынтымақтастық» орталығында сарапшы-кеңесші.
Жұмыспен қамту барысында бернеше рет алғыс хат және сертификаттармен марапатталды, оның ішінде студенттердің жұмыстарын ғылыми басқарғаны үшін.
Ғылыми-педагогикалық жұмысындағы тәжірибесі
Ғылыми-педагогикалық еңбек өтілі - 22 жыл. Осы кезеңде, келесі курстар игерілген: «Металлургия негіздері», «Коррозия және металдарды қорғау», «Қара металдар металлургиясы», «Жылутехникасы», «Металлургиялық процестерді модельдеу және оптимизациялау», «Экспериментті ұйымдастыру және жоспарлау», «Ғылыми зерттеу негіздері», «Резонанстық әдістер», «Металлургиялық өндірістің процестері мен аппараттары», «Металлургиялық процестерді бақылау, реттеу және басқару», «Радиоактивті және асыл металдар металлургиясындағы аффинаж», «Технологиялық процестердің әдістері және талдау құралдары» және т.б.
Басылымдар туралы ақпарат. Жалпы саны – 120 жуық, соның ішінде соңғы 5 жылда: 80 ғылыми және оқу-әдістемелік кешен: ОӘК - 41 (мемлекеттік тілде - 9), нөлдік емес импак-фактор Tomson Reuters дерекқорында 1 баяндама және Scopus дерекқорында Халықаралық конференция жинағында 3 баяндама, 2 оқу-әдістемелік кешеннің авторы (біреуі жалғыз және біреуі мемлекеттік тілде), монография «Разработка пирометаллургической технологии переработки мышьяк-золотосодержащих руд и концентратов» және 1 оқу құрал «Сбор и переработка вторичного металлсодержащего сырья» ( ҚР ЖАҚ ұсынылған). lms.kaz.ntu сайтына енгізілген 15 курстың "рейтингі өте жоғары".
Ғылыми-зерттеу бағдарламаларында, жоба және т.б. қатысу:
- Қолданбалы ҒЗЖ «Әрүрлі мақсаттар үшін жаңа заманауи материалдардың ғылыми негіздері мен технологияларын дамыту». 2006-2008 жж., жетекші.
- Қолданбалы ҒЗЖ «Мышьяк-алтын құрамдас кендер мен концентраттарды пирометаллургиялық технологиялармен өңдеу бойынша технологиялық сынақ жүргізу және аппараттық жобалау, қолданыстағы қондырғыны жетілдіру». 2009-2011 жж, жетекші.
- 2012-2014 жж –"Мышьяк құрамдас шикізатты бейтараптандыру технологиясы" тақырыбының орындаушысы.
- 2015-2017 жж – "Нанодисперсті өлшемді металдық және тотықты темір ұнтақтарын алудың технологиясын жасау" тақырыбының ғылыми жетекшісі.
- 2015-2017 жж - "Түсті металдардың өнімді ерітінділерін шоғырландыру және тазалау" тақырыбының ғылыми қызметкері.
Г. Гусейнова басшылығымен жыл сайын 3 тен 5 –ке дейін студенттер дипломдық жұмыстарын (МБжҚИ -да дипломдық жобалар, дипломдық жұмыстар және магистрлік диссертациялардың бүкіл Ресейлік конкурсында бір диплом 1-ші орынға иеленді) қорғайды, сонымен қатар "өте жақсы" деген бағаға 5 магистрлік диссертация қорғалды. 2015 жылдан докторант жетекшісі. 2015 жылдың 6 қарашадан Халықаралық ақпараттандыру академиясының мүшесі болып сайланды.
When you subscribe to the blog, we will send you an e-mail when there are new updates on the site so you wouldn't miss them.