Өмірбаян

Байдувалиев Асхан Мархабайұлы

 

Байдувалиев Асхан Мархабайұлы 1972 жылы қазан айының 3-ші жұлдызында Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласында дүниеге келді. 1979 жылы Алматы облысы Іле ауданы Междуречинск ауылында Гагарин орта мектебінің табалдырығын аттады.

1989 жылы Қарағанды Мемлекеттік Медициналық Институтына түсіп, 1990 жылы Алматы Мемлекеттік Медициналық Институтына ауысты.

1995 жылы Алматы Мемлекеттік Медициналық Институтының «Емдеу ісі» факультетін бітірді.

1995-1997 жж. Клиникалық ординатура 2 жыл урология кафедрасында оқыды.

1997-2000 жж. С.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық Университетінің урология кафедрасында аспирантура оқыды.

2001 жылы «Оптимизация тактических подходов к диагностике и лечению заболеваний органов и тканей» деген тақырып бойынша кандидаттық диссертация қорғады.

2001-2005 жж. Урология кафедрасының ассистенті болдым. 2006 жылдың қаңтар айынан бастап урология кафедрасының меңгерушісі,дипломнан кейінгі білім факультетінің деканы қызметін атқардым. 2009 жылы «Урология және андрология» мамандығы бойынша жоғары біліктілік санатын алды.

2010 жылдың қаңтар айынан бастап МКҚК «Қарасай аудандық емханасының» директоры қызметіне келдім. 2010 жылы Денсаулық сақтауды ұйымдастыру сертификатын алды.

2012 жылдың 25-желтоқсанынан бастап ШЖҚ «Қарасай аудандық орталық ауруханасы» МКК директоры қызметін атқардым.

2015 жылдың 9-сәуірінен бастап Алматы облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысы қызметін атқарып келемін. Біліктілікті арттыру туралы куәліктер:

  1. «Урология және андрология» жоғары біліктілікті арттыру дәрежесі, Алматы қаласы
  2. 2010 ж. «Денсаулық сақтаудағы менеджмент құқықтарының негізі» Алматы қаласы
  3. 2011 ж. «Денсаулық сақтаудағы менеджмент» АГИУВ, Алматы қаласы                                          
  4. 2011 ж. «Ішкі аудит» АГИУВ,   Алматы қаласы
  5. 2011 ж. «Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарды тиімді басқару» ҚазҰМУ, Алматы қаласы    
  6. 2015 ж. «Урология және денсаулық сақтау» жоғары біліктілікті арттыру дәрежесі, Талдықорған қаласы                     
  7. 2013 ж.«Британ технологиясы бойынша денсаулық сақтау саласындағы менеджменті», Лондон қаласы
×
Stay Informed

When you subscribe to the blog, we will send you an e-mail when there are new updates on the site so you wouldn't miss them.

Summary
Без науки, без теории практика слепа!