Өмірбаян

Айтқұлов Алпамыс Оразауханұлы 1946 жылдың 22 қырқүйек айында Мангыстау облысы Форт-Шевченко қаласында дүниеге келген.

 

1969 жылы В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының мұнай факультетін «Мұнай кенорындарын игеру және пайдалану технологиясы және кешенді механикаландыру» мамандығы бойынша бітірген.

1969 мен 1987 жылдарда Қазақтың мұнай мен газ кендорындарын ғылыми зерттеу жобалау институтында (ҚазҒЗжЖИ) кіші, аға ғылыми қызметкері, мұнай кенорындарын игеруді реттеу секторының меңгерушісі болып жұмыс жасаған. (03.10.1969 жылы –жас маман–Гурьев қаласындағы ГипроКазнефть институтында техникалық-унемдеу және болашақ болжау бөлімінде инженер; 01.02. 1971 жылында – Гурьев каласы КазНИПИнефть институтында кешенді мұнай ғылыми зерттеу бөлімінің ғылыми мүшесі; 01.09.1971 жылында – сол бөлімнің аға ғылыми қызметкер; 04.09.1973 жылынан 1986 жылдың аяғына дейін КазНИПИнефть институтында мұнай кенорындарын игеру процестерін реттеу сектор меңгерушісі (Шевченко- Актау қалалары).

1987 жылдан бастап кәзірге дейін Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекететтік технологиялар және инжиниринг университетінде   аға мұғалым, доцент, профессор, декан факультета, оқу әдістемелік проректоры, сонымен қатар 1991 по 2010 жылдар аралығында мұнай кеннорындарын игеру және пайдалану кафедра меңгерушісі; ал 2010 жылдан бастап кәзірге дейін – «Мұнай газ ісі және геология» кафедра профессоры.

1975 және 1979 жылдар аралығында А.П.Крылов атындағы бүкілодақ мұнай-газ ғылыми зерттеу институтында (ВНИИнефть) аспирант.

1985 жылы Москва қаласында в ВНИИнефть институтында «Ілеспе судың көлемін азайту арқылы көпкабатты кенорындарды игеруді реттеудің тиімділігін арттыру» тақырыбы бойынша Техника ғылымдарының кандидаты және «Мұнайгаз кенорындарын ұңғымен игеру» мамандығы бойынша доцент ғылыми атақтары мен дәрежесінің иегері.

2002 жылы «Промыслық эксперименттер арқылы мұнай кенорындарын игеру процестерінін геотехнология және геомеханика әдістерімен жетілдіру» таұырыбы бойынша докторлық диссертация қорғаған. Техника ғылымдарының докторы және «Мұнай кенорындарын игеру және пайдалану» мамандығы бойынша профессор ғылыми атақтарымен дәрежесінің иегері.

2006 жылы Халықаралық ақпараттандыру академиясының» академигі, «Халықаралық творчества академиясының» академигі, 2009 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлер академиясының корреспондент мүшесі.

 2009 -«Мұнай және газ» ғылыми техникалық журналының редакциалық коллегиясының мүшесі.

2014 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінде мұнайгазды игеру мәселелері бойынша тәуелсіз эксперт.

Алпамыс Оразауханұлы мұнай кенорындарын игеру мәселелеріне байланысты жазылған 160 (жүз алпыс) ғылыми еңбектің және 6 (алты) монографияның авторы. Өзен, Жетібай, Қаламкас және Қаражанбас, сонымен қатар Батыс Қазақстандағы кенорындарды игеру мәселеріне қатысты орындалған ғылыми зерттеу жұмыстарыныңдағы отчеттардың бөлімдерінің авторы.

Айтқұлов Алпамыс Оразауханұлы 1969 жылы В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын «Мұнай мен газ кенорындарын игеру және пайдалануды кешенді механикаландыру» мамандығы бойынша бітіріп, 1973 жылға дейін Гурьев (Атырау) қаласындағы ГипроКазнефть институтында инженер, кші және аға ғылыми қызметкерлер жұмысында қызыметтерде болып, 1973 қырықүйек айынан бастап 1986 жылдың желтоқсан айына дейін Ақтау қаласындағы КазНИПИнефть институтында

аға ғылыми қызметкер, сектор меңгерушісі болып жұмыс жасаған. Осы кезде Алпамыс Оразауханұлы үш түбекті Маңғыстау облысындағы (Өзен, Жетібай, Қаламкас, Қаражанбас, Оңтүстік және Шығыс Жетібай, Асар, Оймаша), сонымен қатар Атырау (Прорва, Доссор, Мақат) мен Ақтөбе (Өріктау) облыстарындағы кенорындарынды игеру және пайдалану әдістерін жетілдіру мәселелерін шешу үшін – 27 (жиырма жеті) ғылыми тәжірибелік, сонымен қатар талдау жобаларына қатысып, көмірсутекті байлықты толығырақ өндіруге білімдарлығын көрсетіп ат салысты.

1987 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінде аға оқытушы, доцент, факультет деканы, оқу-әдістемелік проректоры және 20 (жиырма жыл) бойы «Мұнай мен газ кенорындарын игеру және пайдалану» кафедрасының меңгерушісі болып жұмыс жасады. Қазір «Мұнай - газ ісі және геология» кафедрасында профессор болып жұмыс жасайды.

Осы 28 (жиырма сегіз) жылдың ішінде Алпамыс Оразауханұлының басшылығымен 900 (тоғыз жүз) ден астам, мұнай және газ өнеркәсібінің жас мамандары даярланып шығарылды.

1969 жылдан бастап, осы уақытқа дейін жұмыс жасап жүрген кезінде, Алпамыс Оразауханұлы төмендегідей жетістіктерге қол жеткізді:

1975-1979 жылдары Мәскеуде бүкілодақтық мұнай-газ ғылыми зерттеу институтында аспирантурада оқыған.

1985 жылы «Көпқабатты кенорындарды пайдалануды реттеудің тиімділігін арттыру» тақырыбы бойынша кандидаттық диссертация қорғаған.Техника ғылымдарының кандидаты және доцент ғылыми дәрежесімен атағының иегері.

1996 жылы «Қазақстан Республикасының білім үздігі» белгісі берілген.

2002 жылы «Мұнай кеніштерін игеру процесстерін реттеуін      геотехнологиялық және геомеханикалық әдістермен жетілдіру » тақырыбы бойынша докторлық диссертация қорғаған.

Техника ғылымдарының докторы және профессор ғылыми дәрежесі мен атағының иегері.

2006 жылы «Халықаралық информатизация академиясының» толық мүшесі, яғни академигі.

2008 жылы «Халықаралық шығармашылық академиясының» толық мүшесі, яғни академигі.

2006 жылы «Қазақстан Республикасының ғылымын жетілдіру» белгісімен марапатталған.

2008 жылы Ш.Есенов Ақтау Мемлекеттік университетінің «Үздік профессор» атағы берілді.

2009 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлер академиясының корреспондент мүшесі болып сайланды.

2009 жылы «Қуат және минералды ресурстар» Министрінің, Ғылыми-инженерлер кадрлар сонымен қатар ғылым, білім, және мұнай-газ, мұнай химия өнеркәсібшіліктеріне жоғарғы дәрежелі кадрлар даярлауда көрсеткен белсенді еңбегі үшін, Құрметті мақтауымен марапатталды.

2009 жылы «Мұнай мен газ» ғылыми техникалық журналының редакциалық мүшесі.

2010 жылы «Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар мен инжиниринг университетінің «Ардагері» белгісімен   марапатталды.

2010 жылы Атырау мұнай және газ институтының дамуына сіңірген еңбегі үшін «Атырау мұнай және газ институтына 30 жыл» белгісімен   марапатталды.

2011 жылы Маңғыстау мұнайының жарты ғасырлық мерекесіне байланысты, өлке көмірсутекті өндіріс саласына қосқан үлесіне байланысты, Маңғыстау облысы әкімінің және Қазмұнайгаз компаниясының жарлығымен «Маңғыстау мұнайына 50 жыл» төс белгісімен марапатталды.

2011 жылы Қазақстан Респуликасы Тәуесіздігінің жиырма жылдық мерекесіне байланысты, Тәуесіздікке қосқан үлесі үшін, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен «Қазақстан Тәуесіздігіне 20 жыл» медалымен марапатталды.

2013 жылы Маңғыстау облысының құрылғанына 40 жыл болуына байланысты облыс өркендеуіне қосқан үлесі үшін «Маңғыстау облысына 40 жыл» медалымен марапатталды.

2013 жылы Білім және ғылым министрлігінің «2013 жылдың жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегері.

2015 жылдан бастап Атырау мұнай және газ институтының жаршысы ғылыми –техникалық журналы редакциясы мүшесі.

Мұнай мен газ кенорындарын игерудің мәселелері жөнінде 160 (жүз алпыс) ғылыми еңбектің, оқу әдістемелік құралдардың сонымен қатар 6 (алты) монографиялардың авторы.

2002 және 2005 жылдар аралығында профессор А.О.Айтқұлов, Ш. Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетінің «Мұнай мен газ кенорындарын игеру және пайдалану», сонымен қатар «Ұңғыны бұрғылау және игеру» мамандандықтары бойынша кандидаттық және докторлық диссертациялар қорғайтын мамандандырылған ғылыми кеңестің төрағасы болды. Көрсетілген жылдар аралығында Ақтау мемлекеттік университетінің екі мұғалымы, профессор А.О.Айтқұловтың төраралығымен «Мұнай мен газ кенорындарын игеру және пайдалану», сонымен қатар «Ұңғыны бұрғылау және игеру» мамандықтары бойынша кандидаттық диссертациялар қорғады.

2007 жылдан бастап 2011 жылға дейін Атырау мұнай және газ институтындағы «Мұнай мен газ кенорындарын игеру және пайдалану», «Ұңғыны бұрғылау және игеру» мамандықтары бойынша кандидаттық және докторлық диссертациялар қорғайтын мамандандырылған ғылыми кеңестің мүшесі болды.

Профессор А.О.Айтқұловтың ғылыми жетекшілігімен 4 (төрт) «Мұнай газ ісі» кафедра мұғалімдері (К.Т.Бисембаева, А.Г.Гусманова, А.Т.Жолбасарова, Г.С.Сабырбаева) «Мұнай мен газ кенорындарын игеру және пайдалану» мамандығы бойынша кандидаттық диссертациялар қорғады, сонымен қатар профессор А.О.Айтқұловтың ғылыми жетекшілігімен 23 (жирма үш) магистанттар «Мұнай- газ ісі» бойынша магистрлік диссертациялар қорғады.

2012 жылдың 22-24 мамыр айында, профессор А.О. Айтқұлов «Инновациялық бизнес –конкуренттімүмкіндікті экономикаға жол» тақыбы бойынша, Астана қаласында, Тәуелсіздік сарайында өткен, VII инновациялық конгреске белсене қатысып, онда «Қиын өндірілетін көмірсутектің қорын алудың инновациялық технологиясы» тақырыбында баяндама жасап, ең жақсы 10 (он) ғылыми баяндаманың тізіміне қосылды. Сонымен қатар 2012 жылдың 6-7 шілдесінде Астана қаласында Shell компаниясының басшылығымен өткен «Жол картасын дамыту» жөнінде жүргізілген «Қазақстан Республикасының мұнай-газ өндіру саласын жетілдіру» ғылыми техникалық семинарында, профессор А.О.Айткулов мұнай кенорнының өнім бергіштік қабіліттілігін арттыру жөнінде 5 (бес) ғылыми жобаны баяндап, және олар сол «Жол картасыи дамыту» құрамына қабылданды. Олардың іске қосылуы Қазақстан Республикасының өкіметінің шешімімен, Shell компаниясының ұсынуы бойынша 2012 жылдың аяғындаіске іске қосылады.

 

×
Stay Informed

When you subscribe to the blog, we will send you an e-mail when there are new updates on the site so you wouldn't miss them.

Избранные методы ядерной астрофизики
Biography